Үржар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы19 ақпандағы № 82 "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қыркүйектегі N 483 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қазанда N 4164 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 261 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 12.05.2016 № 261 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Үржар ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3743 болып тіркелген, "Уақыт тынысы/Пульс времени" газетінде 2015 жылғы 19 наурызында № 39-41 санында жарияланған) қаулысына төмендегідей толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
      бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің, тізбесі төмендегі тармақпен толықтырылсын:
      60) "Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің орынбасары С.Садвакасовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Зайнулдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады