"Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы N 61 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 наурызда N 3790 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № 79 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шемонаиха ауданының әкімі А. Тоқтаров

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2015 ж. 27 ақпандағы
№ 61 қаулысымен бекітілді

"Шемонаиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмi" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Шемонаиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Шемонаиха ауданы аумағында мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт, азаматтық хал-ахуал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асырады .
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Вокзальная көшесі, 149.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шемонаиха ауданының мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Бөлімнің құрылтайшысы Шемонаиха ауданының әкімдігі болып табылады.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Шемонаиха ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы: Шемонаиха ауданы аумағында мәдениет, тілдер, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. Бөлімнің міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды ;
      2) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық-тектік және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездікке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;
      3) мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды;
      4) дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы тұлғалардың өмірін және денсаулығының қауіпсіздігін, сонымен қатар спорттық іс-шаралар мен дене шынықтыру-сауықтыруға қатысушылар мен көрермендерін және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауларын қамтамасыз ету;
      5) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін өркендету;
      6) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      7) дене шынықтыру және спорт саласын зерртеу үшін ғылыми базасын өркендету;
      8) еркін қызмет принципінде негізделген, сонымен қатар олардың құрылымының ерекшеліктерінде, әлеуметтік және жалпы білім қызметтерін есепке ала отырып, барлық спорт түрлерінің өркендеуіне ықпал ету.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) жергілікті маңызы бар тарих материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіетер арасында байқаулар фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      3) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      4) бұқаралық дем алу орындарында және тұлғалардың тұрғылықты жерлерінде спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылымен құрады;
      5) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп спорт түрлері бойынша аудандық жарыстарын өткізеді;
      6) Облыстық спорттың жарыстарға қатысуға спорт түрлерінен ауданның құрама командаларын дайындауды қамтамасыз етеді ;
      7) Шемонаиха ауданының аумағында ұлттық спортты және бұқаралық спортты өркендетуді қамтамасыз етеді;
      8) Шемонаиха ауданның аумағында ауданның спорттық – дене шынықтыру ұйымдарының қызметін үйлестіреді ;
      9) спорттық разрядтарды тағайындайды: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядты спортшы, 2 жасөспірімдік разрядты спортшы, 3 жасөспірімдік разрядты спортшы ;
      10) спорттық біліктілік категориялар тапсыру: екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары жаттықтырушы, екінші категориялағы біліктілік деңгейі орта, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары әдіскер екінші категориядағы біліктілік деңгейі орта әдіскер, екінші категориядағы біліктілік деңгейі жоғары спортшы-нұсқаушы, спорттық төреші;
      11) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың біріңғай өңірлік күнтізбелігін іске асырады;
      12) Шемонаиха ауданының аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді реттейді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған, Шемонаиха ауданының аумағында нысан және мерзімі бойынша дене шынықтыру және спортты өркендету бойынша облыстың жергілікті атқару органдарына ақпаратты беруді, талдауды және жинақтауды іске асырады;
      14) өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясының ұсынымы бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімін құрайды және бекітеді;
      15) арнайы дене шынықтыру және спорттық іс-шаралардың медицинамен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
      16) дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде бұқаралық тәртіпті және бұқаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
      17) Шемонаиха ауданының аумағында спорттық құрылымдар құрылысы салу мәселелерін реттейді және оның тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      18) спорттық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
      19) ауданның арнайы мамандандырылмаған балалар – жасөспірімдер спорт мектептерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге өкілеттіліктерге жергілікті мемлекеттік басқару іске асырады.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдарды бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлім бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
      22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің, олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлкеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органның қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органы қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      "Шемонаиха ауданы әкімдігінің Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Мемлекеттік және басқа тілдерді дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Усть-Таловка кентінің "Горняк" клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
      "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жұлдыз" спорттық клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Мемлекеттік органы қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      "Шемонаиха орталық аудандық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      "Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады