Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 1459 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 3913 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 3585 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 20.11.2015 № 3585 қаулысымен.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
      2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Сатыбалдиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі А. Көлгінов

  Қала әкімдігінің
2015 жылғы 8 мамырдағы
№ 1459 қаулысына қосымша

Орал қаласы бойынша 2015 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша
егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

ІІІ (үшінші) құрғақшылық-далалық аймақта егіс жұмыстарының
басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімі

Көктем ерте түскен мезгілде

Көктем орта мезгілде түскенде

Көктем жәй түскен мезгілде

басталуы

аяқталуы

басталуы

аяқталуы

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай
15 мамыр
25 мамыр
15 мамыр
25 мамыр
15 мамыр
25 мамыр

2

Күздік бидай
15 тамыз
10 қыркүйек
15 тамыз
10 қыркүйек
15 тамыз
10 қыркүйек

3

Жаздық арпа
10 мамыр
18 мамыр
15 мамыр
24 мамыр
25 мамыр
31 мамыр

4

Сұлы
10 мамыр
18 мамыр
15 мамыр
24 мамыр
25 мамыр
31 мамыр

5

Тары
20 мамыр
25 мамыр
20 мамыр
25 мамыр
20 мамыр
25 мамыр

6

Күнбағыс
1 мамыр
10 мамыр
5 мамыр
10 мамыр
10 мамыр
15 мамыр

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады