Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 70 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 18 ақпанда № 3822 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 25.12.2015 № 532 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, Ақжайық ауданы бойынша 2015 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз адамдар (отбасылар);
      2) 50 жастан асқан жұмыссыз әйелдер;
      3) 55 жастан асқан жұмыссыз ерлер;
      4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнының түлектері;
      5) он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыз тұлғалар;
      6) отбасында бірде бір жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      7) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар (алғаш жұмыс іздеушілер);
      8) 29 жасқа дейінгі жастар.
      2. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 41 "Ақжайық ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3422 тіркелген, 2014 жылы 20 ақпанда "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. "Ақжайық ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауы аудан әкімінің орынбасары Т. Шиниязовқа тапсырылсын.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Төреғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады