Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі Жиекқұм ауылындағы атаусыз көшеге атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 14 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 7 қазанда № 4083 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жиекқұм ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бисен ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылдық округі Жиекқұм ауылындағы атаусыз көшеге мынадай атау берілсін:
      "№ 1У" жобалық көшесі – "Мырзаш Исмагулов" көшесі.
      2. Бисен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Р. М. Асетов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бисен ауылдық округі әкімі Қ. Саматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады