Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж. Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық–құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Қуаналиевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Мұқаев |
2015 жылғы 16 ақпандағы № 61 Жәнібек ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және
ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090500, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, № 35.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл
шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:1) Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы билік органының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру–құқықтық қамтамасыз ету;
2) ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылады.
15. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы саладағы заңнамаға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
5) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзеді және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
6) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыру;
7) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асыру;
8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзуді жүзеге асыру;
9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беруді жүзеге асыру;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмысшы орган ретінде ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;
12) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
14) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жерді резервте қалдыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн пайдалануға рұқсат беру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;
18) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;
19) арнайы жер қорын құру;
20) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
16. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:
1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға;
2) мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;
4) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау;
7) заңнамада белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болу міндетті;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары
және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. 18. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Жәнібек ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және
ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
21. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.