Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округінің Үлкен-Еңбек, Бозай, Табынбай ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 тамызда № 4003 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Үлкен-Еңбек, Бозай, Табынбай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсоғым ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Ақсоғым ауылдық округінің Үлкен-Еңбек, Бозай, Табынбай ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      1) Үлкен-Еңбек ауылы бойынша:
      "1У" жобалық көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "2У" жобалық көшесі – "Қаһарман" көшесі;
      "3У" жобалық көшесі – "А. Құнанбаев" көшесі;
      2) Бозай ауылы бойынша:
      "1У" жобалық көшесі – "Болашақ" көшесі;
      "2У" жобалық көшесі – "Атамекен" көшесі;
      3) Табынбай ауылы бойынша:
      "3У" жобалық көшесі – "Табынбай" көшесі.
      2. Ақсоғым ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (М. Бегилов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсоғым ауылдық округінің әкімі А. Р. Хами

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады