Теректі ауданы Долин ауылдық округі Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және Қоныссай ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Долин ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қазанда № 4108 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және Қоныссай ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Долин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Долин ауылдық округі Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және Қоныссай ауылдарының кейбір көшелері қосымшаға сәйкес қайта аталсын.
      2. Долин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Б. Рахматуллина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Долин ауылдық округінің әкімі Б. Митанов

  Долин ауылдық округі әкімінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 6 шешіміне қосымша

Теректі ауданы Долин ауылдық округінің Долин, Төңкеріс, Шөптікөл және
Қоныссай ауылдарының кейбір көшелерінің қайта атаулары

      1. Долин ауылы бойынша:
      "Центральная" көшесі – "Абай Құнанбаев" көшесі;
      "Чапаев" көшесі – "Хамза Есенжанов" көшесі;
      "Степная" көшесі – "Нұрғиса Тілендиев" көшесі;
      "Молодежная" көшесі – "Бақытжан Қаратаев" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Жас ұлан" көшесі;
      "Зеленая" көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "Новая" көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "Речная" көшесі – "Жайық" көшесі.
      2. Төңкеріс ауылы бойынша:
      "Комсомольская" көшесі – "Хиуаз Доспанова" көшесі;
      "Октябрьская" көшесі – "Мәншүк Мәметова" көшесі;
      "Советская" көшесі – "Қажымұқан Мұңайтпасов" көшесі.
      3. Шөптікөл ауылы бойынша:
      "Аксуатская" көшесі – "Ақсуат" көшесі;
      "Алматинская" көшесі – "Алматы" көшесі;
      "Банная" көшесі – "Жайық" көшесі;
      "Камчатская" көшесі – "Белес" көшесі;
      "Почтовая" көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "Теректинская" көшесі – "Теректі" көшесі;
      "Шахтерская" көшесі – "Береке" көшесі;
      "Школьная" көшесі – "Мектеп" көшесі.
      4. Қоныссай ауылы бойынша:
      "Мира" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "Уральская" көшесі – "Ақжайық" көшесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады