Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің Қызылжар, Құтсиық, Қарабас, Қоғалытүбек ауылдарының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 3 тамыздағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 тамызда № 4011 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Қызылжар, Құтсиық, Қарабас, Қоғалытүбек ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика қорытындысы негізінде Шағатай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің Қызылжар, Құтсиық, Қарабас, Қоғалытүбек ауылдарының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
      1) Қызылжар ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Шапағат" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Әділет" көшесі;
      "4К" жобалық көшесі – "Саржайлау" көшесі;
      "5К" жобалық көшесі – "Мейрам" көшесі;
      2) Құтсиық ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Достық" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Шабыт" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Жаңа өмір" көшесі;
      3) Қарабас ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Шалқар" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Ынтымақ" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Жігер" көшесі;
      "4К" жобалық көшесі – "Келешек" көшесі;
      4) Қоғалытүбек ауылы бойынша:
      "1К" жобалық көшесі – "Жасұлан" көшесі;
      "2К" жобалық көшесі – "Бірлік" көшесі;
      "3К" жобалық көшесі – "Жеңіс" көшесі;
      "4К" жобалық көшесі – "Береке" көшесі.
      2. Шағатай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Х. Кудашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шағатай ауылдық округінің әкімі Р. С. Мутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады