"Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 ақпанда № 13109 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.07.2022 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.07.2022 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.07.2022 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) жоғарыда көрсетілген нысанды облыстық, Астана мен Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті төрағасының

      міндетін атқарушы

      _______________ Б. Иманәлиев

      2016 жылғы 25 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 28 бұйрығына қосымша
әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2023 № 537 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/details/212699?lang=kk

      Есепті кезең: 20__ жылғы____ тоқсан

      Индексі: 2-шығындарды өтеу

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын адамдар тобы: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      Ұсыну мерзімі: облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-іне дейін.

      "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы – есепті кезеңнен кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде.

Жол коды

Аумақ

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуіші коды

Үйде оқитын мүгедектігі бар балалар, адам

Есепті кезеңнің басына төленбеген сома, мың теңге

есепті тоқсан ішінде

тағайындалды

төленді

барлығы

оның ішінде

алушылар, адам

сомасы, мың теңге

орташа айлық мөлшері, теңге

алушылар, адам

сомасы, мың теңге

орташа айлық мөлшері, теңге

ұлдар

қыздар








А

Б

С

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Ауылдық жерлер бойынша барлығы












2

Қалалық жерлер бойынша барлығы












3

Облыс бойынша барлығы












      Кестенің жалғасы

жыл басынан бергі кезең ішінде

тағайындалды

төленді

алушылар, адам

сомасы, мың теңге

орташа айлық мөлшері, теңге

алушылар, адам

сомасы, мың теңге

орташа айлық мөлшері, теңге

11

12

13

14

15

16



















      * Ескертпе: нысан осы нысанға қосымшада келтірілген түсініктемеге сәйкес толтырылады

Атауы________________________________
_____________________________________

Мекенжайы___________________________
______________________________________

      Телефоны _____________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайa ___________________________________________

      Орындаушы ___________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________ ______________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      _______________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады