Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13287 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.03.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.03.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Оқу жетістіктерін сырттай бағалау нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 151 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 11 сәуірде № 7553 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 18 сәуірдегі газетінің № 162-163 (27237) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нүсіпов) белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы 2-тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы С.Н. Нүсіповке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 94 бұйрығымен
бекітілген

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 10.03.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар)"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) жүргізу тәртібін:

      1) бастауыш мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу мақсатында іріктеліп;

      2) негізгі мектепте – оқу жетістіктерін мониторингтеу және оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау мақсатында іріктеліп;

      3) жалпы орта мектепте – оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау мақсатында;

      4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында - жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруді мониторингтеу мақсатында іріктеліп жүргізіледі.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы қағидаларда мынадай ұғым пайдаланылады:

      1) тест спецификациясы – бұл тесттің жалпы сипаттамасы, тапсырманың саны мен мазмұны, белгіленген емтихан үшін нақты пән бойынша тестілеудің уақыты сипатталған құжат.

      3. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау білім беру қызметтерінің сапасын бағалау және білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартында көзделген жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қағидалар меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына, түрлеріне қарамастан орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына таратылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. ОЖСБ оқыту тілінде кешенді тестілеу түрінде өтеді.

      6. ОЖСБ жүргізілетін орта білім беру ұйымдарының және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - базалық ЖБҰ) және оларға бекітілген желілік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - желілік ЖБҰ) тізбесін Заңның 55-бабының 6-тармағына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жыл сайын айқындайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тапсырмалар саны мен мазмұны, сондай-ақ тестілеуге бөлінетін сағат саны әр пән бойынша тесттің спецификациясына сәйкес айқындалады. Тест спецификациясын уәкілетті орган әзірлеп, бекітеді.

      8. Білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) және Министрліктің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерінің уәкілетті өкілдері (бұдан әрі - БСБД) жүзеге асырады.

      9. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді Министрліктің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) жүзеге асырады.

      10. ОЖСБ өткізу кезінде Министрліктің және БСБД-ның уәкілетті өкілдері білім алушылармен тестілеу материалдарын толтыру және рәсімді өткізу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

      11. Тестіленуші басқа тестіленушілермен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды және (немесе) оларды қасақана бүлдірмейді (жыртпайды), қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды.

      Тестілеу барысында тестіленуші калькуляторды, анықтамалық әдебиеттерді (Менделеев және тұздардың ерігіштігі кестесінен басқасын), түзету сұйықтығын, электрондық жазба кітапшаларын және қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) қолданбайды.

      Тестіленуші осы Қағидаларды бұзған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның уәкілетті өкілі тестіленушіні аудиториядан шығару туралы шешім шығарып,осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тыйым салынған заттың тәркіленуі және тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акті нысанын жасайды, тестілеу нәтижелерін жояды.

      12. Аудиториядан шығу тек дәліз кезекшісінің алып жүруімен ғана қарастырылған.

      13. ОЖСБ өткізу кезінде білім алушылардың білім сапасына ықпал етуші факторларды айқындау үшін, білім беру ұйымдарының тестіленушілері, мұғалімдері және әкімшілігі арасында сауалнама жүргізіледі.

      14. Тестілеудің барысы туралы статистиканы толтыру және ҰТО-ға жіберу әр тестіленуші топтың жұмыс күнінің аяқталуы болып саналады.

      15. Барлық тестіленуші топтарда тестілеу аяқталған соң пайдаланылған сұрақ-кітапшалары жойылады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі сұрақ-кітапшаларын жою туралы акт жасалады. Пайдаланылмаған сұрақ кітапшалары ҰТО-ға жеткізіледі.

      16. ОЖСБ қорытындылары туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      17. ОЖСБ нәтижелерін уәкілетті орган білім беру саласындағы заңнаманы қадағалау барысында жүргізілген тексеру кезінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің өлшем шарты ретінде пайдаланады.

      18. ОЖСБ нәтижелерін рейтингтік зерттеулер жүргізетін ұйымдар пайдалануы мүмкін және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндамаға енгізіледі.

2-тарау. Орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-параграф. Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу тәртібі

      19. ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан орта білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі. 

      20. Бастауыш мектепте Заңның 55-бабының 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ОЖСБ 4-сынып білім алушылары арасында жүргізіледі.

      21. ОЖСБ 4-сыныпта қағаз тасымалдағыш қолдана отырып, жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын екі пән бойынша жүргізіледі.

      22. Негізгі мектепте ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 9-сынып білім алушылары арасында жүргізіледі.

      23. ОЖСБ 9-сыныпта қағаз тасымалдағышты,қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қазақ тілі және басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша жүргізіледі, оның тізбесі мен санын жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.

      24. Жалпы орта мектепте ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 11-сыныпта жүргізіледі.

      25. ОЖСБ 11-сыныпта қағаз тасымалдағышты, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып жыл сайын уәкілетті орган айқындайтын үш пән бойынша кешенді тестілеу түрінде жүргізіледі.

      26. Орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ-ны жүргізу үшін тест тапсырмаларының мазмұны жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламалардың шеңберінен шықпайды.

      27. ОЖСБ-ның нәтижелерін өңдеу ҰТО-ның филиалдарында жүргізіледі.

      28. ОЖСБ нәтижелері білім беру ұйымдарының назарына тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 3 күн ішінде жеткізіледі.

      29. ОЖСБ рәсімі толық аяқталғаннан кейін БСБД күнтізбелік 10 күн ішінде ҰТО-ға орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізудегі атқарылған жұмыстар актісін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырады.

2-параграф. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ны жүргізу

      Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім білім беру ұйымдарында ОЖСБ Заңның 55-бабының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша білім алатын үшінші курс студенттері үшін жүргізіледі.

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ОЖСБ өткізу үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша тест тапсырмалары пайдаланылады.

      ОЖСБ өткізілетін оқу бағдарламалары мен пәндер тізбесін жыл сайын уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      32. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 517 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Тестілеуге келген білім алушының өзімен бірге рұқсаттамасы және жеке тұлғасын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

      34. ОЖСБ тестілеуге жататын қатысушы білім алушылар контингенті құрамының 100 пайыз қатысушы болғанда жүргізіледі.

      35. Өтініштерді қабылдау жабылғаннан кейін тестілеуге кіру рұқсаттамалары қалыптастырылып, базалық және желілік ЖОО-лардың жауапты тұлғаларына беріледі.

      36. Тестілеу материалдары салынған қапшықтарды ашу БСБД қызметкерінің, базалық ЖОО ректорының және Министрлік өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

      37. Студенттерді орналастыру отырғызу парағына сәйкес жүргізіледі, тестілеу материалдары салынған қорап ашылып, жауап парақтары таратылып беріледі және толтырылады.

      38. Сұрақ кітапшаларын тарату нұсқаларды үлестіру парағына сәйкес жүргізіледі. Сұрақ кітапшаларын үлестіргеннен кейін және студенттер сұрақ кітапшаларының мұқабасын толтырған мезеттен бастап тестілеу уақыты белгіленеді. Барлық сұрақ қою мен түсіндіру тоқтатылады.

      39. Тестілеуге кіргізу барысында, тестілеу өткізу кезінде бөгде адам анықталған жағдайда Министрліктің және БСБД-ның өкілдері бөгде адамның қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес тестілеуге кіргізу немесе тестілеу кезінде бөгде адамды анықтау актісін жасайды, бөгде адам мен білім алушының өзі тестілеуге жіберілмейді, нәтижелері жойылады.

      40. Тестілеу кезінде аудиторияға тек Министрліктің және БСБД-ның өкілдері және Министрлік өкілдерінің топ жетекшісінің алып жүруімен базалық ЖОО-ның ректоры кіре алады.

      41. Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші тестілеу материалдарын тапсырудан бас тартқан жағдайда Министрліктің және БСБД-ның өкілдері тестіленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленушінің емтихан материалдарды тапсырудан бас тартуы туралы акт жасайды, тестілеу нәтижелері жойылады.

      42. Тестілеу аяқталғаннан кейін кезекші үш студенттің қатысуымен аудитория материалдарын Министрлік өкілінің кабинетіне жеткізеді.

      43. ОЖСБ нәтижелерін өңдеу базалық ЖОО-ларда жүргізіледі.

      44. Жауап парақтарын сәйкестендіру Министрлік өкілдерімен жүргізіледі.

      45. Жауап парақтарын сәйкестендіру аяқталғаннан кейін базалық ЖОО-ның ректорымен бірлесе парольді енгізу арқылы дұрыс жауаптар коды ашылады.

      46. ОЖСБ-ны өткізу аяқталғаннан кейін Министрліктің өкілі ҰТО-ға қағаз және электронды тасымалдағышта ОЖСБ өткізу барысы туралы толық есеп береді.

  Оқу жетістіктеріне
сырттай бағалау
жүргізу қағидаларына
1 – қосымша
  Нысан




Аудиторияда тыйымсалынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған тестіленушіні аудиториядан шығару туралы акт

Білім беру ұйымы __________ ________________________________________________

(код) (атауы)


"_____" __________________ 20 _____жыл________сағат ________ минут


Министрлік өкілі _____________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Аудитория кезекшісі __________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тестілеу уақытында: №_____ аудиторияның, №_____ орнында отырған тестіленуші
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ___________________________________________________,
СЖК________________ нұсқа №_________

Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар табылды:

______________________________________________________________________________

(табылған заттың атауы (маркасы, саны))


Аталған деректі ескере отырып,

Емтихан материалын алу;

тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ________________________________, СЖК_______________, № _______

Аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды ______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

(осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)

Актімен таныстым:

______________________________________________________________________________

(тестіленушінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

______________________________________________________________________________

(БСБД-ның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))


______________________________________________________________________________

(Министрлік өкілінің қолы және Т.А.Ә (бар болған жағдайда).)



Күні _____________


  Оқу жетістіктеріне
сырттай бағалау
жүргізу қағидаларына
2 – қосымша
  Нысан

ОЖСБ тестілеу кітапшаларын жою туралы акт

      "_____"__________20__ жыл

      Облыс ____________ ______________________________________________________
      (код) (атауы)
      Аудан/Базалық ЖОО ____ __________________________________________________
      (код) (атауы)
      Біз, төменде қол қойғандар, білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ тестілеу кітапшаларын жою туралы осы актіні жасадық
      __________________________________________________________________________
      (код және білім беру ұйымының атауы)
      Министрлік өкілдері:
      1. _________ ________________________________________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))
      2 _________ ________________________________________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))
      БСБД өкілдері:
      1 _________ ________________________________________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))
      2 _________ ________________________________________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә (бар болған жағдайда))
      № __:ҰТО филиалының қызметкері/ ОЖСБ жауаптысы _____ ____________________
      (қолы) (ТАӘ (бар болған жағдайда)

Топ/
Сынып

Сұрақ кітапшаларының саны

Жойылған сұрақ кітапшаларының саны

пайдаланылған

пайдаланылмаған

барлығы
















Барлығы





      Сұрақ кітапшалары:______________________________________________ арқылы жойылды.

      (жою жолын көрсету қажет – механикалық, ұсақтау немесе өртеу )

      ___________________________________________________________________________

      (жою орнын көрсету )

Осы акт екі данада жасалды





  Оқу жетістіктеріне
сырттай бағалау
жүргізу қағидаларына
3 – қосымша
  Нысан

Орта білім беру ұйымдарында

ОЖСБ өткізудегі атқарылған жұмыстар актісі

      Мерзімі: "___"____________ 20__ ж.
      ___________________________________________ облысы БСБД.
      (атауы)
      Орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ жоспар бойынша облыста өткізілетін мектептер саны _____, оның ішінде
      орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі өткізілген мектептер саны __________ .
      Орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ тестілеуі материалдарын пайдалану туралы осы акт құрылды.
      Ұлттық тестілеу орталығынан (бұдан әрі – ҰТО) алынған емтихан материалдарының саны:
      Сұрақ-кітапшалары _________________________________________________ дана.
      Жауап парақтары __________________________________________________ дана.
      Оның ішінде қолданылған және жойылған сұрақ-кітапшаларының саны _________ дана.
      Оныңі шінде қолданылмаған және жойылған сұрақ-кітапшаларының саны _______ дана.
      Жауап парақтары (қолданылған және қолданылмаған) ҰТО филиалына _____________________________ данада тапсырылды.
      Орта білім беру ұйымдарында ОЖСБ-ға қатыспаған білім беру ұйымының қолданылмаған емтихан материалдары
      ҰТО-ның №______ базалық филиалына:
      Жауап парақтары ______________________________________ данада тапсырылды,
      Сұрақ-кітапшалары ____________________________________ данада жойылды.
      Осы акт екі данада құрылды.

БСБД басшысы:

________
(қолы)

___________________________
(Т.А.Ә (бар болған жағдайда))
 



ҰТО қызметкері:

 
(қолы)

___________________________
(Т.А.Ә (бар болған жағдайда))
 

  Оқу жетістіктеріне
сырттай бағалау
жүргізу қағидаларына
4 – қосымша
  Нысан

Тестілеуге кіргізу/тестілеу барысында бөгде тұлғаның анықталуы туралы акт

Білім беру ұйымы ____________________________________________________________

(код) (атауы)

Күні "_____" ________________ 20 ____жыл Уақыты______с. _______ мин.

Министрлік өкілі ______________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

ОЖСБ тестілеу өткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына кіру/тестілеу тапсыру кезінде тестіленуші ____________________________________________________________

(тестіленушінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және СЖК

орнына бөгде тұлғаның

____________________________________________________________

(бөгде тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

кіру дерегі анықталды

Аталған деректі ескере отырып:

Тестіленуші/тестіленушінің _______________________________________________

(Т.А.Ә(бар болған жағдайда) және СЖК)

тестілеу өткізілетін білім беру ұйымының ғимаратына тест тапсыру үшін кіргізбеуге

/емтихан материалдарын алу, № ____аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін

жою туралы шешім қабылданды.

Акті мен таныстырылды:

_____________________________________________________________________________

(Министрлік өкілінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) )

_____________________________________________________________________________

(БСБД-ның қолы және Т.А.Ә (бар болған жағдайда).)

_____________________________________________________________________________

(студенттің/жалған тұлғаның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))





  Оқу жетістіктеріне
сырттай бағалау
жүргізу қағидаларына
5 – қосымша
  Нысан

Тестілеуге берілген уақыт аяқталған кезде тестіленуші емтихан материалдарын тапсырудан бас тартқан фактіні тіркеу туралы акт

Білім беру ұйымы____________________________________________________________

(код)(атауы)

"_____" __________________ 20 _____жыл________сағат ________ минут


Министрлік өкілі ___________________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Аудитория кезекшісі _________________________________________________________________

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ______________________________________________,

СЖК_______________________, № ______аудитория, № ______ орын, № ____________ нұсқа,

тестілеу уақытының аяқталуына байланысты, емтихан материалдарын дер кезінде тапсырудан

бас тартқан себепті Оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидалары бұзылды.


Аталған деректі ескере отырып:

Емтихан материалын алу;

Тестіленуші: Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) __________________________________________________, СЖК___________________, №
Аудиториядан шығару және тестілеу нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды.

_________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

(осы актіні құрған тұлғалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолдары)

Актімен таныстым:

_________________________________________________________________________________

(Студенттің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

_________________________________________________________________________________

(БСБД-ның қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))


_________________________________________________________________________________

(Министрлік өкілінің қолы және Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))






Күні _________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады