"Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 наурызда № 13406 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Диссертациялық кеңестер – докторанттардың диссертациялық жұмыстарын қорғауды жүргізетін және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі - Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге ұсыныс беретін алқалы органдар (бұдан әрі – диссертациялық кеңес).
      3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік 3 (үш) жылға құрады.
      Ерекше мәртебесі бар ЖОО-лар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындары диссертациялық кеңестерді өз бетінше құрады. Құрылған күнінен бастап бір ай ішінде ЖОО-лар Комитетке құрылған диссертациялық кеңестер туралы ақпарат ұсынады.
      Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялық жұмыстар бойынша Комитеттің 2 (екі) теріс шешімі болған жағдайда, ЖОО-ның Ғылыми кеңесі диссертациялық кеңесті жаңа құрамда бекітеді.
      Осы диссертациялық кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша Комитеттің теріс шешімі 2-ден (екіден) көп болған жағдайда, диссертациялық кеңес қызметін тоқтатады және 3 (үш) жыл жұмыс істемейді.»;
      7-тармақ мынадай мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және тиісті зерттеу саласында кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман қосылады.
      Бұл ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдері, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері болуы тиіс.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде мүшелерінің кемінде 1/3-ін (үштен бірін) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және басқа ұйымдардың өкілдері құрайды, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Докторант оқыған ЖОО кафедралардың және/немесе зертханалардың (бөлімдер, орталықтар) кеңейтілген отырысында докторант диссертациясының талқылануын қамтамасыз етеді.
      Кеңейтілген отырыстан 1 (бір) ай бұрын диссертация докторанттың ғылыми зерттеу саласы бойынша ғылыми дәрежесі бар 2 (екі) маманға жолданады.
      Кеңейтілген отырысқа кафедра және/немесе зертхана мүшелерінің кемінде 2/3-сі (үштен екісі), ғылыми кеңесшілер, сондай-ақ мәндес кафедралардың (зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың), ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысады.
      Отырыста кеңесшілер болмаған жағдайда, олардың докторанттың диссертациясы бойынша пікірін кафедра/зертхана (бөлімдер, орталықтар) меңгерушісі оқиды.
      Докторант оқыған ЖОО диссертациялық кеңеске ЖОО бланкісінде жазылған ілеспе хатпен мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) отандық және шетелдік ғылыми кеңесшілердің пікірлері (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялар үшін отандық консультанттардың пікірлері);
      2) кафедралардың және/немесе зертханалардың кеңейтілген отырыстарының оң қорытындысы;
      3) берік түптелген және электронды тасымалдағыштағы (CD-диск) диссертация;
      4) ғылыми еңбектерінің тізімі және олардың көшірмелері.
      Диссертация мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерінің бірінде ұсынылады.
      Құжаттарды қабылдауды кемінде 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде тіркейтін диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы жүзеге асырады және диссертациялық кеңеске ұсынады.»;
      141515-1 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Диссертациялық кеңес рецензенттердің, ғылыми кеңесшілердің бір-біріне тәуелсіз ұстанымдарын басшылыққа алады.
      Мыналар рецензент бола алмайды:
      1) Комитет қызметкерлері;
      2) докторанттың диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстарының тең авторлары;
      3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген ЖОО бөлімшелерінің және ғылыми ұйымның (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің, орталықтардың) басшылары және қызметкерлері.
      Рецензенттің біреуін диссертациялық кеңес құрамынан тағайындауға болады.
      15. Диссертациялық кеңес ЖОО интернет-ресурстарында докторанттардың қорғауы және кеңестің қызметі туралы келесі ақпаратты (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:
      1) мекен-жайы, күні мен уақыты көрсетілген алдағы қорғау туралы хабарлама (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      2) диссертация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын және қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде);
      3) көлемі 1 (бір) баспа табақтан кем емес мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде аннотация (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      4) докторанттың жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      5) қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді ғылыми кеңесшілердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);
      6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 10 (он) жұмыс күні бұрын);
      7) қорғаудың бейнежазбасы (қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде);
      8) диссертациялық кеңестердің есептері (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін);
      9) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда).
      Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылған жағдайда, авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі, диссертация материалдарын заңсыз көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады. ЖОО-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан кейін диссертация мәтініне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      ЖОО-ның интернет-ресурстарында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.
      Алдағы қорғау туралы хабарлама да түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитеттің интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар материалдар мен диссертациялардан басқа).
      Диссертацияның қағаз және электронды тасымалдағыштағы данасы ЖОО-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпиялары бар диссертациялардан басқа).
      15-1. Диссертация қорғауға қабылданғаннан кейін (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын) диссертациялық кеңес диссертацияны докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғанын тексеру үшін Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығына (бұдан әрі - ҰҒТАО) жібереді.
      Егер ҰҒТАО-да докторанттың авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалды пайдаланғаны анықталған болса, диссертациялық кеңес теріс шешім қабылдайды.
      Мемлекеттік құпиялары бар диссертацияларда авторы мен дереккөзіне сілтеме жасалмаған бөтен материалдың пайдаланылуы ҰҒТАО-да немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және құқық қорғау органдарының жоғары әскери, арнайы оқу орындарында және/немесе ғылыми ұйымдарында комиссия негізінде тексеріледі.
      16. Рецензенттер диссертацияны және жарияланған жұмыстарды зерделеу негізінде диссертациялық кеңеске жазбаша пікірін ұсынады, онда таңдалған тақырыптың өзектілігі, диссертацияда тұжырымдалған ғылыми қағидалар, қорытындылар, ұсынымдар және оның практикалық құндылығы негіздемесінің дәрежесі, олардың жаңалығы бағаланады, сондай-ақ тиісті мамандық бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беру мүмкіндігі туралы қорытынды беріледі.
      Рецензенттерді қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын ауыстыруға болады. Егер рецензентті ауыстыру туралы шешім 10 (он) жұмыс күнінен кешіктіріліп қабылданса, қорғау күні ауыстырылады.
      Рецензенттер пікірлерінің көшірмелері докторантқа диссертация қорғауға дейін кем дегенде 10 (он) жұмыс күні бұрын беріледі.
      Пікір осы тармақтың талаптарына сәйкес келмесе, диссертациялық кеңес пікірді кем дегенде 7 (жеті) жұмыс күні бұрын рецензентке қосымша қарау үшін қайтарады немесе рецензентті ауыстырады. Рецензенттер сондай-ақ жазбаша түрде бас тартқан немесе рецензиялауға мүмкіндік болмаған жағдайда ауыстырылады.»;
      18-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Рецензенттердің біреуі жоқ болған жағдайда (дәлелді себептер бойынша) оның пікірін ғалым хатшы оқиды. Рецензенттерге диссертациялық кеңестің қорғау отырысында on-line режимінде бейне-конференция түрінде сөз сөйлеуге рұқсат беріледі.»;
      19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. Диссертациялық кеңес докторантқа тиісті мамандықтың философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау немесе аталған дәрежені беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді.
      Диссертациялық кеңестің шешімі, егер оған отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, оң қабылданды деп саналады. Егер оң шешімге отырысқа қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің 2/3-інен (үштен екісінен) кемі дауыс берсе, теріс шешім қабылданады.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда диссертациялық кеңес диссертацияның осы Үлгі ереже мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген Ғылыми дәрежелер беру ережесінің (бұдан әрі - Ереже) қандай талаптарына сәйкес келмейтіндігі көрсетілген қорытынды жасайды. Рецензенттердің, ғылыми кеңесшілер пікірлерінің көшірмелері, төраға мен ғалым хатшы қол қойған диссертациялық кеңес отырысының бейнежазбасы, стенограммасы мен қорытындысы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Комитетке жіберіледі.»;
      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нүсіпов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (С.Н. Нүсіпов) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      И.Н. Тасмағамбетов ________
      ___________20___ жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
      В.З. Жұмақанов _____________
      4 ақпан 2016 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      Қ.Н. Қасымов _______________
      ___________20___ жыл

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қаңтардағы 
№ 56 бұйрығына қосымша  

Диссертациялық кеңес 
туралы үлгі ережеге  
2-қосымша       

ТІРКЕУ-ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (толық)

Туылған жылы

Азаматтығы

Ұлты

Аттестациялық істің №

Диссертациялық кеңес

Шешім қабылданған күні, айы, жылы

Шешімнің №

Диссертация қорғалған ЖОО-ның атауы

Дәрежені ізденуші

Мамандық атауы

Дәреже берілді

Дипломның №

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор


Ескерту:
1. Мәтін 148х105мм форматтағы тығыз ақшыл қағаздан жасалған карточкада басылады.
2. «Аттестациялық істің №» және «Дәреже берілді» деген бағандар Комитетте толтырылады.
3. Карточканың артқы жағында ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қорғауда ұсынылады қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі және оның қолымен расталады.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 126 "Об утверждении Типового положения о диссертационном совете"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 января 2016 года № 56. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 марта 2016 года № 13406

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 126 «Об утверждении Типового положения о диссертационном совете» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6929, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 7 мая 2011 года № 150-151 (26571-26572)) следующие изменения:
      в Типовом положении о диссертационном совете, утвержденном указанным приказом:
      пункты 2 и 3 изложить в следующей редакции:
      «2. Диссертационные советы - коллегиальные органы, которые проводят защиту диссертационных работ докторантов и ходатайствуют перед Комитетом по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки (далее - Комитет) о присуждении степени доктора философии (PhD), доктора по профилю (далее – диссертационный совет).
      3. Диссертационные советы создаются Комитетом на 3 (три) календарных года в высших учебных заведениях (далее – вузы), в которых размещен государственный образовательный заказ по специальностям докторантуры.
      Вузы, имеющие особый статус, а также высшие военные, специальные учебные заведения Министерства обороны Республики Казахстан, органов национальной безопасности Республики Казахстан и Министерства внутренних дел Республики Казахстан создают диссертационные советы самостоятельно. В течение одного месяца со дня создания вузы представляют информацию о созданных диссертационных советах в Комитет.
      При наличии 2 (двух) отрицательных решений Комитета по диссертационным работам, защищенным в данном диссертационном совете, Ученый совет вуза утверждает новый состав диссертационного совета.
      При наличии более 2 (двух) отрицательных решений Комитета по диссертациям, защищенным в данном диссертационном совете, диссертационный совет прекращает свою деятельность и не функционирует в течение 3 (трех) лет после закрытия.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. В состав диссертационного совета по каждой специальности включается не менее 3 (трех) специалистов, имеющих ученую степень (кандидата наук, доктора наук) или степень доктора философии (PhD), доктора по профилю и не менее 5 научных статей в соответствующей области исследований.
      При этом не менее 1/3 (одной трети) членов диссертационного совета должны быть штатными сотрудниками, не менее 1/3 (одной трети) - из представителей других вузов, не менее 1/3 (одной трети) - из представителей научных или других организаций.
      В диссертационных советах, созданных в высших военных, специальных учебных заведениях Министерства обороны Республики Казахстан, органов национальной безопасности Республики Казахстан и правоохранительных органов Республики Казахстан, не менее 1/3 (одной третьей) составляют представители других вузов, научных и других организаций, остальные являются штатными сотрудниками.»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Вуз, в котором докторант проходил обучение обеспечивает обсуждение диссертации докторанта на расширенном заседании кафедры и/или лабораторий (отдела, центра).
      За 1 (один) месяц до проведения расширенного заседания диссертация направляется 2 (двум) специалистам с ученой степенью в области научных исследований докторанта.
      На расширенном заседании принимают участие не менее 2/3 (двух третей) членов кафедры и/или лаборатории, научные консультанты, а также представители смежных (родственных) кафедр (лабораторий, отделов, центров), научных и других организаций.
      При отсутствии консультантов, их отзывы по диссертации докторанта на заседании зачитывает руководитель кафедры/лаборатории (отдела, центра).
      Вуз, в котором докторант проходил обучение, с сопроводительным письмом на бланке вуза представляет в диссертационный совет следующие документы:
      1) отзывы отечественного и зарубежного научных консультантов (для диссертаций, содержащих государственные секреты, отзывы отечественных консультантов);
      2) положительное заключение расширенного заседания кафедры и/или лаборатории (отдела, центра);
      3) диссертация в твердом переплете и на электронном носителе (CD-диске) (далее - электронный носитель);
      4) список научных трудов и их копии.
      Диссертация представляется на одном из следующих языков - государственном, русском или английском языках.
      Прием документов осуществляется ученым секретарем диссертационного совета, который регистрирует их в срок не менее 2 (двух) рабочих дней и представляет в диссертационный совет.»;
      пункты 141515-1 и 16 изложить в следующей редакции:
      «14. Диссертационный совет руководствуется принципом независимости друг от друга рецензентов, научных консультантов.
      Рецензентами не являются:
      1) сотрудники Комитета;
      2) соавторы докторанта по работам, опубликованным по теме диссертации;
      3) руководители и работники подразделений вуза и научной организации (кафедр, лабораторий, отделов, центров), где выполнялась диссертация и/или ведутся научно-исследовательские работы, по которым докторант является заказчиком или исполнителем (соисполнителем).
      Допускается назначение одного из рецензентов из состава диссертационного совета.
      15. Диссертационный совет размещает следующую информацию о защитах докторантов и деятельности совета на интернет-ресурсах вуза (кроме материалов и диссертаций, содержащих государственные секреты):
      1) извещение о предстоящей защите с указанием адреса, даты и времени (за 1 (один) месяц до установленной даты защиты);
      2) диссертацию (за 1 (один) месяц до установленной даты защиты и в течение 5 (пяти) месяцев после защиты диссертации);
      3) аннотацию на государственном, русском, английском языках общим объемом не менее 1 (одного) печатного листа (за 1 (один) месяц до установленной даты защиты);
      4) список публикаций докторанта (за 1 (один) месяц до установленной даты защиты);
      5) отзывы научных консультантов (за 1 (один) месяц до установленной даты защиты), которые доступны в течение 5 (пяти) месяцев после защиты;
      6) отзывы официальных рецензентов (за 10 (десять) рабочих дней до установленной даты защиты);
      7) видеозапись защиты (в течение 5 (пяти) месяцев после защиты);
      8) отчеты диссертационных советов (по окончании календарного года);
      9) объявления об изменении даты, времени, места проведения защиты и о замене рецензентов (при наличии).
      При размещении диссертации на интернет-ресурсах вуза обеспечивается защита авторских прав, применяются технологии защиты от незаконного копирования и дальнейшего использования материалов диссертации. После размещения диссертации на интернет-ресурсе вуза изменения в тексте диссертации не допускаются.
      На интернет-ресурсах вуза обеспечивается возможность размещения неофициальных отзывов по содержанию диссертации с дальнейшим представлением их на защите. Неофициальные отзывы, по которым невозможно установить авторство и отсутствует электронный адрес автора на защите не представляются.
      Извещение о предстоящей защите размещаются также на интернет-ресурсе Комитета в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня поступления (кроме материалов и диссертаций, содержащих государственные секреты).
      Экземпляр диссертации на бумажном и электронном носителях передается в библиотеку вуза. В течение 7 (семи) рабочих дней после защиты экземпляры диссертации на электронном носителе передаются ученым секретарем диссертационного совета в Национальную академическую библиотеку Республики Казахстан и Национальную библиотеку Республики Казахстан (кроме диссертаций, содержащих государственные секреты).
      15-1. После приема к защите (за 1 (один) месяц до установленной даты защиты) диссертационный совет направляет диссертацию для проверки на использование докторантом заимствованного материала без ссылки на автора и источник заимствования в Национальный центр научно-технической информации (далее - НЦНТИ).
      В случае если, в НЦНТИ установлен факт использования докторантом заимствованного материала без ссылки на автора и источник заимствования, диссертационный совет принимает отрицательное решение.
      Проверка диссертаций, содержащих государственные секреты, на использование докторантом заимствованного материала без ссылки на автора и источник заимствования проводится в НЦНТИ или комиссионно в высших военных, специальных учебных заведениях и/или научных организациях Министерства обороны Республики Казахстан, органов национальной безопасности Республики Казахстан и правоохранительных органов Республики Казахстан.
      16. Рецензенты на основе изучения диссертации и опубликованных работ представляют в диссертационный совет письменные отзывы, в которых оцениваются актуальность избранной темы, степень обоснованности научных положений, выводов, рекомендаций, сформулированных в диссертации и ее практической значимости, их новизна, а также дается заключение о возможности присуждения степени доктора философии (PhD), доктора по профилю по соответствующей специальности.
      Замена рецензентов проводится не позже чем за 10 (десять) рабочих дней до защиты. В случае, если решение о замене рецензента принимается менее чем за 10 (десять) рабочих дней, то дата защиты переносится.
      Копии отзывов рецензентов вручаются докторанту не позднее, чем за 10 (десять) рабочих дней до защиты диссертации.
      При несоответствии отзыва требованиям данного пункта диссертационный совет в срок не позднее, чем за 7 (семь) рабочих дней возвращает отзыв рецензенту для дополнительного рассмотрения или проводит замену рецензента. Замена рецензентов проводится также в случае письменного отказа или невозможности осуществления рецензирования.»;
      часть вторую пункта 18 изложить в следующей редакции:
      «При отсутствии (по уважительной причине) одного из рецензентов его отзыв зачитывается ученым секретарем. Рецензентам разрешается выступить на данном заседании диссертационного совета по защите в режиме on-line в форме видео-конференции.»;
      пункт 19 изложить в следующей редакции:
      «19. Диссертационный совет проводит тайное голосование для принятия решения о ходатайстве перед Комитетом для присуждения докторанту степени доктора философии (PhD), доктора по профилю по соответствующей специальности или об отказе в присуждении данной степени.
      Решение диссертационного совета считается принятым положительно, если за него проголосовало 2/3 (две трети) и более членов диссертационного совета, участвовавших в заседании. Если за положительное решение проголосовало менее 2/3 (двух третей) членов диссертационного совета, участвовавших в заседании, принимается отрицательное решение.
      При принятии отрицательного решения диссертационный совет составляет заключение, в котором отражается, каким требованиям настоящего Типового положения, Правил присуждения ученых степеней, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 31 марта 2011 года № 127 и зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6951 (далее – Правила) не соответствует диссертация. Копии отзывов рецензентов, научных консультантов, видеозапись, стенограмма заседания и заключение диссертационного совета, подписанные председателем и ученым секретарем, направляются в Комитет в течение 15 (пятнадцати) календарных дней со дня принятия решения.»;
      приложение 2 изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Комитету по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Нюсупов С.Н.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и Информационно-правовой системе «Әділет», а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;
      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (Нюсупов С.Н.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
      Республики Казахстан                       А. Саринжипов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр обороны
      Республики Казахстан
      Тасмагамбетов И. Н.
      ________________
      ___________20___ года

      «СОГЛАСОВАН»
      Председатель Комитета
      национальной безопасности
      Республики Казахстан
      Жумаканов В.З. ________________
      4 февраля 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      Касымов К.Н. ________________
      ___________20___ года

Приложение          
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 21 января 2016 года № 56

Приложение 2        
к Типовому положению о   
диссертационном совете  

                 РЕГИСТРАЦИОННО-УЧЕТНАЯ КАРТОЧКА

Фамилия, имя, отчество (при наличии) (полностью)

Год рождения

Гражданство

Национальность

№ аттестационного дела

Диссертационный совет

Дата решения

№ решения

Наименование вуза, в котором защищена диссертация

Соискатель степени

Наименование специальности

Присуждена степень

№ диплома

Доктор философии (PhD), доктор по профилю


Примечания:
1. Текст печатается на карточке, выполненной на светлой плотной бумаге формата 148х105мм.
2. Графы «№ аттестационного дела» и «Присуждена степень» заполняются в Комитете.
3. На оборотной стороне карточки на казахском, русском и английском языках указать фамилию, имя, отчество (при наличии) соискателя, заверенные его подписью.