Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 сәуірде № 13672 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Академияның Ректоры Ұ.С. Байжанов:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 57 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 03.07.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында (бұдан әрі – Академия) білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      3. Академияда білім беру технологияларын іске асыру мынадай түрлер бойынша жүзеге асырылады: теледидарлы технология, желілік технология және кейс-технология.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) ақпараттық-білім беру порталы – білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараты бар ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің желілі түрде ұйымдастырылған өзара байланысқан жиынтық;

      2) желілік технология - оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл жасасу нысандарын, сондай-ақ Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

      3) кейс-технология - қағаз, электронды және өзге де жеткізгіштерде оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды дербес зерделеу үшін білім алушыларға таратуға негізделген технология;

      4) контент - оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графика, мультимедиа және өзге де ақпараттық маңызды толықтырулар) толықтыру;

      5) білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін іске асыратын білім беру ұйымының интернет-ресурсы - білім беру процесінің қатысушылары үшін әкімшілік-академиялық ақпараты бар интернет-ресурс;

      6) мультимедиа - пайдаланушыға диалогтық режимде әр текті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық немесе бағдарламалық құралдар кешені;

      7) оқу бағдарламасы (силлабус) - қысқаша сипаттамасы және оқытылатын пәннің негізгі сипаттамалары бар пән бойынша оқыту бағдарламасы;

      8) теледидарлық технология - теледидардың эфирлік, кабельдік және спутниктік желілерін пайдалануға негізделген технология;

      9) тестілеу кешені - білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалдарын меңгеру дәрежесін анықтау үшін қолданылатын бағдарламалық құрал.

2. Білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру тәртібі

      5. Білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру үшін Академия:

      1) білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын парақтары бар білім беру порталын;

      2) телекоммуникациялық желіге шығу мүмкіндігі бар жабдықты (Интернет, спутниктік теледидар);

      3) мультимедиалық сыныптарды және электрондық оқу залдарын;

      4) оқу контентін;

      5) тестілеу кешенін;

      6) оқытуды басқарудың желілік жүйесін (Learning Management System) пайдаланады.

      6. Білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін жүзеге асыру үшін Академия:

      1) профессорлық-оқытушылық құрамын және қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырады;

      2) білім беру ресурстарын әзірлеу және жаңарту үшін жағдай жасайды;

      3) білім алушыларға оқу материалын ақпараттық технологиялар не қағаз жеткізгіштер арқылы жеткізеді;

      4) кеңес беруді ұйымдастырады және өткізеді;

      5) білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады;

      6) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылайды;

      7) аутентификация жүйесі арқылы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіреді.

      7. Білім алушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін Академияда білім беру технологияларын қолдана отырып іске асырылатын оқу жоспарларының барлық пәндері бойынша электрондық оқу-әдістемелік құжаттар жасалады.

      Электронды оқу-әдістемелік құжаттарды дайындауды бекітілген оқу бағдарламалары бойынша курстың әзірлеушісі жүзеге асырады.

      8. Академияда білім алушылардың деректер базасын (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтар, олардың ағымдағы үлгерімі туралы мәліметтер) қамтитын ақпараттық басқару жүйесі жасалады.

      9. Академияда білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыруды тиісті білім беру бағдарламаларын іске асыратын құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

      10. Білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше:

      1) электрондық оқулықтарды, мультимедиялық курстарды, әдістемелік оқулықтарды әзірлеуге, сатып алуға және меңгеруге консультативтік көмекті жүзеге асырады;

      2) тестілеу жүйелері және білімді бақылаудың басқа да құралдарына әкімшілік етеді;

      3) ақпараттық ресурстарды пайдалану әдістемесін әзірлейді;

      4) бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарды әзірлеуге, меңгеруге және олардың пайдалануына қолдау көрсетуге қатысады.

      11. Білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру виртуалды (синхронды немесе асинхронды) өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүзеге асырылады.

      Синхронды өзара іс-қимыл жасасу білім алушы мен оқытушының нақты уақыт режимінде тілдесуін көздейді. Бұл үшін білім беру технологиясы немесе бейнеконференция жүйелерінің чаттары пайдаланыла алады.

      Асинхронды өзара іс-қимыл жасасу білім алушы мен оқытушы нақты уақыт режимінде тілдесе алмаған жағдайда жүзеге асырылады. Оқыту кезінде байланыс тарату тізімінің немесе телеконференцияның көмегімен электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.

      12. Академия білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін іске асыру кезінде білім алушыларға әдістемелік көмекті барлық заманауи қолжетімді телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы арқылы қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады