"Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 128 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13802 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 53 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9483 тіркелген, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 27 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін беру және мемлекеттік бағалы қағаздарға берілген ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін есепке алу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) эмитент - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы.";

      9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бағалы қағаздардың ҰСН құру Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарына ҰСН беру мәселелері бойынша хат-хабар алмасу файлдарын (бұдан әрі - хат-хабар алмасу файлдары) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.";

      2-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев A.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляков жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 128 қаулысына 1-қосымша
  Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін
беру қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік бағалы қағаздардың ұлттық
сәйкестендіру нөмірін құру

      1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың ҰСН құру үшін араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("I" және "О" әріптерінен басқа) пайдаланылады.

      2. ҰСН-ға тыныс белгісімен бөлінбеген, қатарынан он екі символ (солдан оңға санаумен) кіреді және мына үш бөліктен тұрады:

      1) ҰСН-ның бірінші және екінші позицияларында орналасқан символдар эмитент елінің екі әріпті кодын білдіреді (Қазақстан Республикасы үшін "КZ" коды пайдаланылады);

      2) ҰСН-ның үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес жасалған негізгі нөмірлер болып табылады;

      3) ҰСН-ның он екінші позицияда орналасқан символ осы қосымшаның 10-тармағына сәйкес есептелетін бақылау цифры болып табылады.

      3. ҰСН-ның үшінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:

      1) "К" - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      2) "W" - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      3) "А" - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;

      4) "Z" - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы;

      5) "М" - облыстардың жергілікті атқарушы органдары.

      4. ҰСН-ның төртінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың кодын білдіреді:

      1) "1" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

      2) "2" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

      3) "3" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

      4) "4" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

      5) "5" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

      6) "6" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша төленетін сыйақыны индекстеу көзделмейтін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;

      7) "7" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған дисконттық және дисконттық-купондық бағалы қағаздар;

      8) "8" символы - шығарылым талаптарында олардың номиналды құнын және олар бойынша көрсеткішке төленетін сыйақыны ішінара немесе толық индекстеу көзделетін құжаттандырылған купондық бағалы қағаздар;

      9) "9" символы - Қазақстан Республикасы азаматтарының салымдарына өтемақы төлеу мақсатында шығарылған құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар;

      10) "А" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

      11) "В" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

      12) "С" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде индекстелген купон деп аталатын сыйақы төленеді;

      13) "D" символы - орналастырылуы мен өтелуі номиналды құны бойынша жүзеге асырылатын құжатсыздандырылған купондық бағалы қағаздар, бұл ретте айналыс мерзімі ішінде орналастыру кезінде айқындалатын, купон деп аталатын сыйақы төленеді;

      14) "Е" символы - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;

      15) "F" символы - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;

      16) "G" символы - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;

      17) "Н" символы - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;

      18) "J" символы - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздары.

      5. ҰСН төртінші позициясын толтыру кезінде пайдаланылатын мемлекеттік бағалы қағаздардың жекелеген түрлерінің кодтары Қағидалардың 3-қосымшасындағы 1, 2 және 3-кестелерде берілген.

      Мемлекеттік бағалы қағаздардың жаңа түрі шығарылған жағдайда жауапты қызметкер мемлекеттік бағалы қағаздар түрлерінің анықтамалығына тиісті өзгерістерді енгізеді. Бұл ретте ҰСН төртінші позициясының коды болып символ - алдыңғылардан кейінгі латын әліпбиінің жазба (бас) әріптері ("I" және "О" әріптерінен басқа) пайдаланылады.

      6. ҰСН-ның бесінші позициясында орналасқан символ шығарылымның валютасын білдіреді:

      1) "К" - қазақстандық теңге;

      2) "U" - АҚШ доллары;

      3) "Е" - еуро.

      7. ҰСН-ның алтыншы позициясында орналасқан символ мемлекеттік бағалы қағаздардың айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:

      1) "Ү" - жылдар;

      2) "М" - айлар;

      3) "W" - апталар;

      4) "D" - күндер.

      8. ҰСН-ның жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздардың тиісті өлшем бірлігіндегі айналыс мерзімін білдіреді.

      Егер айналыс мерзімі оннан төмен тиісті өлшем бірлігін құраса, онда ҰСН-ның жетінші позициясында "0" (нөл) символы көрсетіледі.

      9. ҰСН-ның тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылымының уәкілетті орган пайдаланатын нөмірлеуге сәйкес реттік нөмірін білдіреді.

      Егер шығарылымның реттік нөмірі жүзден кем болса, он да ҰСН-ның тоғызыншы позициясында "0" (нөл) символы көрсетіледі.

      Егер шығарылымның реттік нөмірі оннан кем болса, онда оныншы позицияда (ҰСН-ның тоғызыншы позициясындағы "0" символына қосымша) "0" (нөл) символы көрсетіледі.

      Егер шығарылымның реттік нөмірі тоғыз жүз тоқсан тоғыздан асып кетсе, онда оның бірінші цифры көрсетілмейді.

      10. Бақылау цифры мынадай түрде есептеледі:

      1-қадам: осы қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасына, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес ҰСН-ның алғашқы он бір позициялары толтырылады;

      2-қадам: ҰСН-ның позицияларында орналасқан әріптік символдар Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес сандармен ауыстырылады;

      3-қадам: алынған сандық қатардағы (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифр мына коэффициентке көбейтіледі: "2" - ҰСН-ның тақ позицияларында орналасқан цифрлар үшін немесе "1" - ҰСН-ның жұп позицияларында орналасқан цифрлар үшін;

      4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде алынған цифрлар қатары қосылады;

      5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0" болып аяқталса, онда бақылау цифры "0" болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еселінің ең төменгісі болып табылатын саннан шегеру нәтижесі бақылау цифры болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 128 қаулысына 2-қосымша
  Мемлекеттік бағалы қағаздарға
ұлттық сәйкестендіру нөмірлерін
беру қағидаларына
3-қосымша

      1-кесте

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығарған
мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары

Бағалы қағаздың түрі

Код

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕККАМ)

1

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ортамерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ)

2

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қысқамерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелері (МЕКАВМ)

3

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ортамерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелері (МЕОКАВМ)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МЕИКАМ)

4

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақмерзімді жинақ қазынашылық міндеттемелері (МЕУЖКАМ)

А

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақмерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ)

В

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ортамерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МОИКАМ)

С

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі шығаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұзақмерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕУКАМ)

D

Қазақстан Республикасының мемлекеттік арнайы ортамерзімді қазынашылық міндеттемелері (МАОКАМ)

N


      2-кесте

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы
қағаздар кодтары

Бағалы қағаздың түрі

Код

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің теңгеде номинирленген қысқамерзімді ноты

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасында номинирленген қысқамерзімді ноты

3


      3-кесте

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары
шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар кодтары

Бағалы қағаздың түрі

Код

Жергілікті атқарушы органдардың ортамерзімді бағалы қағаздары

Е

Жергілікті атқарушы органдардың ұзақмерзімді бағалы қағаздары

Ғ

Жергілікті атқарушы органдардың ортамерзімді индекстелген бағалы қағаздары

G

Жергілікті атқарушы органдардың ұзақмерзімді индекстелген бағалы қағаздары

Н

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздары

J


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады