Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 маусымда № 13844 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің
      төрағасы                                   Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасы     
Ұлттық экономика министрлігі  
Статистика комитеті төрағасының 
2016 жылғы 31 мамырдағы     
№ 99 бұйрығымен бекітілді    

Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылған және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңымен бекітілген статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Әдістеме қолданыстағы жалпы статистикалық байқаулар шегінде қалыптастырылған ресми статистикалық деректерді пайдалану негізінде тұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу әдісін айқындайды.
      3. Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика Комитеті қызметкерлерінің статистикалық қызметте қолдануына арналған.
      4. Тұтыну бағасының индексі (бұдан әрі – ТБИ) елде инфляция деңгейін сипаттайтын жалпыға бірдей танылған статистикалық көрсеткіш болып табылады.
      Қазақстанның статистикалық тәжірибесінде оның ақпараттық ағыны негізінде келесі туынды көрсеткіштердің:
      әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының баға индексі;
      орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары әртүрлі деңгейдегі халық топтары үшін баға индексі;
      базалық инфляция есебі жүзеге асырылады.
      Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарларға баға индексі (бұдан әрі – ТБИ-имп) ТБИ мәндерінде есепке алынған импорттық өндіріс тауарларына баға өзгерісінің шамасын сипаттайтын импорттық тауарларға және елдің ішкі нарығына түскен отандық өндірушілер тауарларына баға серпінінің әсерінен қалыптасқан туынды көрсеткіш болып табылады.
      ТБИ-имп есебі берілген уақыт кезеңі ішінде құраушы элементтердің белгілі және өзгерілмейтін сандық қатынастарымен тұтыну шығыстарының баптарына сәйкес көрнекті іріктелген дәл сол тауарлар жиынтығына негізделеді.
      ТБИ-имп көрсеткіші инфляцияның беталысын, оны анықтайтын факторларды, ағымдағы және орта мерзімді болжамды экономикалық талдауда қолданылады.

2-тарау. Бастапқы деректер және есептеу үшін айқындамалар тізімі

      5. ТБИ-имп есептеу үшін бастапқы деректер келесі статистикалық ақпараттар ағыны болып табылады:
      1) елдің ішкі нарық ресурстарында импорт бойынша түскен отандық өндіріс тауарлардың үлесін анықтау үшін тауарларды өндіру көлемі туралы деректер «Тұтыну тауарлары және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімнің және шикізаттың маңызды түрлерінің ресурстары мен пайдалану» (бұдан әрі – Ресурстар теңгерімі) статистикалық бюллетенінде пайдаланылады;
      2) ТБИ-имп үшін отандық және импорттық өндіріс тауарының «шартты» салмағын анықтау үшін есепке енетін айқындамалар тізімі бойынша ТБИ-дің салмақтық компоненттері пайдаланылады;
      3) баға өзгерісін бағалау үшін:
      тауарлардың санаттары және топтары бойынша тұтыну бағасының индексі;
      тұтыну мақсатындағы тауарлар өндірісін көрсететін өңдеу өнеркәсібінің қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі (бұдан әрі – ӨБИ);
      алдын ала қайта өңдеусіз (жаңа піскен көкөністер, картоп, жидектер мен жемістер, шикі сүт, жұмыртқа) тұтыну нарығына түсетін өнімдер бойынша ауыл шаруашылығы өніміне өткізу бағасының индексі (бұдан әрі – АШБИ);
      түпкілікті мақсат бойынша «тұтыну тауарлары» тобына енетін тауарлар түрлері бойынша өнімдердің импорттық түсімдер бағасының индексі (бұдан әрі – ИМТБИ);
      ИМТБИ жоқ болған жағдайда ТМД елдері және ТМД тыс елдер өндірісі тауарларына көтерме саудада сату бағасының индексі (бұдан әрі – КСБИ) қолданылады.
      6. Жоғарыда тізбектелген ақпараттық ағындар негізінде ТБИ-имп есептеу үшін айқындамалар анықталады.
      Ресурстар теңгерімінің деректері бойынша және тауарлардың импорттық тәуелділігін ескере отырып тізімге айқындамалар қосылды, олар бойынша:
      1) елдің ішкі нарығы ресурстары көлемінің 80 пайыздан астамы импорт есебінен құрылады;
      2) ішкі нарық ресурстары отандық өндіріс және импортпен көрсетілген және олардың ел ішіндегі тұтыну көлемі экспорттан асады деген шарт орындалады;
      3) импорттың үлес салмағы 20 пайыздан кем.
      ТБИ-имп есептеу үшін айқындамалар тізімі ТБИ құрайтын азық-түліктердің 15 санатын және азық-түлік емес тауарлардың 40 санатын қамтиды және осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген.
      ТБИ-ға кіретін көрсетілетін қызметтер ТБИ-имп есебіне кірмейді, олар ел ішінде өндіріледі деп есептелінеді.
      7. Жоғарыда көрсетілген ТБИ-имп есептеу үшін қолданылатын статистикалық көрсеткіштер әртүрлі дезагрегация жүйесі мен оларға сәйкес келетін стандартты жіктеуіштер негізінде құрылады.
      Ресурстар теңгерімі үшін ӨБИ, АШБИ және ИМТБИ салалық жіктеуіштері мыналар болып табылады:
      1) ӨӨСЖ – өнеркәсіп өнімдерінің статистикалық жіктеуіші (тауарлар, қызмет көрсету);
      2) АШӨСЖ – ауыл, орман және балық шаруашылығы (қызмет көрсету) өнімдерінің статистикалық жіктеуіші;
      3) СЭҚТН ЕЭО – Еуразиялық экологиялық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы.
      Тұтыну бағасының индексі үй шаруашылықтары жүзеге асыратын түпкілікті тұтыну шығыстарын жіктеуге арналған Мақсаттар бойынша жеке тұтыну жіктеуішіне тауарлық айқындамалар номенклатурасы (МКТЖТАН) бойынша жіктеледі.
      ТБИ-имп есебінде пайдалану кезінде деректер үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін МКТЖТАН сәйкес келетін иерархиялық құрылымға сәйкес ақпараттық ағындардың сәйкестігі кестесі (бұдан әрі – Сәйкестік кестесі) құрылады.
      Сәйкестік кестесінде ТБИ-имп әрбір айқындамасына МКТЖТАН сәйкес ӨӨСЖ (АШӨСЖ) және СЭҚТН ЕЭО (КСБИ) бойынша жіктелетін тиісті айқындама таңдалады.
      ТБИ-имп бір айқындамасына ӨӨСЖ (АШӨСЖ) СЭҚТН ЕЭО (КСБИ) бір немесе бірнеше айқындамалары сәйкес келеді.
      Сәйкестік кестесіне олардың барлығы кіреді және оларды есептеуде пайдалану үшін алдын ала агрегациялау алгоритмі анықталады.

3-тарау. Тұтыну бағалары индексінің құрамындағы импортталатын тауарларға баға индексін есептеу тәртібі

      8. Тұтыну нарығындағы тауарларға бағаның өзгеруі, отандық өндірушілердегі ұқсас тауарға баға өзгеруіне және импорттық жеткізілімдер тауарының баға өзгерісіне байланысты. Бұл өзара байланыс, ТБИ-имп есебінің негізі болып табылатын келесі теңдеумен беріледі.

      мұндағы:
       – t кезеңінде тұтыну нарығындағы тауарларға ТБИ құрылымындағы оның салмағын есептегенде, бағаның өзгеруі;
       – елдің ішкі нарық ресурстарындағы үлесін (ppi) қоса алғандағы отандық тауарлар бағаларының өзгеруі;
       – елдің ішкі нарық ресурстарының үлесін (ppi) қоса алғандағы импорттық тауарлар бағаларының өзгеруі.
      9. ТБИ-имп қалыптастыру екі кезеңде жүзеге асырылады:
      Алдын-ала ТБИ-имп-ға енгізілген әр топ тауарлары бойынша, отандық кәсіпорындармен өндірілген және импорт бойынша түскен тауарлардың үлесін және ТБИ-имп есептеуінде пайдалану үшін олардың «шартты» салмағы анықталады.
      Үлестер ТБИ-имп есептеулеріндегі базистік деп қабылданған жылдың қаңтар-желтоқсанына ресурстар теңгерімі деректері бойынша, мына формула бойынша есептеледі:

      мұндағы:
       – елдің ішкі нарығы ресурстарындағы импорттық (imp) және отандық (ppi) тауар үлесі;
       – елдің ішкі нарығындағы ресурстар құны;
      – елге әкелінген өнім құны;
       – отандық өндірушілер өнімінің құны.
      Есептелген үлестер негізінде және ТБИ бойынша айқандамалар салмағына сәйкес отандық және импорттық өндіріс тауарларының «шартты» салмағы мына формула бойынша айқындалады.

      мұндағы:
       – ТБИ құрылымындағы импорттық (imp) және отандық тауардың (ppi) шартты салмағы;
       – ТБИ құрылымындағы тауар салмағы;
       – елдің ішкі нарығы ресурстарындағы (ppi) отандық тауар үлесі;
       – елдің ішкі нарығы ресурстарындағы (imp) импорттық тауар үлесі.
      ТБИ-имп есептерінде отандық және импорттық өндіріс тауарларының «шартты» салмағы және импорттың үлесі есепті жыл бойы өзгеріссіз қалады.
      10. ТБИ-имп есебі тікелей келесідей тәртіпте ай сайынғы негізде жүргізіледі:
      1) Сәйкестік кестесіне сәйкес ТБИ (АШБИ), ИМПБИ (КӨТБИ) ақпараттық массивтерінен нақты қалыптасқан салыстырмалы бағалық анықталады ТБИ-имп жеке айқындамалары үшін шығыс салыстырмалы бағалығы сәйкестік кестесінде берілген алгоритмге сәйкес айқындалады.
      Салыстырмалы бағалық және «шартты» салмақты ескере отырып құрылымдық салыстырмалы бағалық анықталады (ҚСБ):

      мұндағы:
      ҚСБ – тиісінше, сәйкес құрылымдық салыстырмалы бағалық;
       – тиісінше, ТБИ тауар салмағы және ТБИ құрылымындағы импорттық салмағы және отандық тауардың «шартты» ТБИ тауар салмағы;
       – тиісінше, нақты қалыптасқан салыстырмалы бағалық.
      2) отандық және импорттық өндіріс тауарлары бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалығының сомасы анықталады және ол кейіннен қалыпқа келтіру үшін ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалық мәнімен салыстырылады.
      Ескертпе: олардың теңсіздігінде отандық және импорттық өндірушілердің тауарлары бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру жүзеге асырылады.
      Қалыпқа келтіру коэффиценті (KN), ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалық және отандық және импорттық өндіріс тауарына құрылымдық салыстырмалы бағалықтың қатынасы ретінде есептеледі:

      мұндағы:
      KN – қалыпқа келтіру коэффициенті;
      ҚСБ (cpi, imp, ppi) – тиісінше, құрылымдық салыстырмалы бағалық.
      3) отандық және импорттық өндіріс тауарларына құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру оларды шыққан коэффициентке көбейту арқылы жүргізіледі:

      мұндағы:
      ҚСБN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық;
      ҚСБ (imp, ppi) – тиісінше, құрылымдық салыстырмалы бағалық;
      KN – қалыпқа келтіру коэффициенті.
      4) отандық және импорттық өндіріс тауарлары бағасының өзгеруінің қалыпына келтірілген мәні қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық және «шартты» салмақтың қатынасы ретінде анықталады:

      мұндағы:
      iN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген салыстырмалы бағалық;
      ҚСБN (imp, ppi) – тиісінше, қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық;
      Wimp, Wppi – тиісінше, ТБИ тауар салмағы және ТБИ құрылымындағы импорттық салмағы және отандық тауардың «шартты» ТБИ тауар салмағы.
      Алынған шама iNimp – нақты айқындама үшін ТБИ құрамындағы импорттық өндіріс тауарлары бағасының өзгеруін сипаттайтын ТБИ-имп мәні болып табылады.
      «Жарма» айқындамасы бойынша ТБИ-имп өтпелі мысалы Әдістеменің 2-қосымшасында көрсетілген.
      11. ТБИ-имп есебі барлық агрегацияның жоғары тұрған сатылары және жалпы қосындыланған қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық құрылымының және сәйкес агрегатқа кіретін салмақ сомма негізінде есептеледі.
      Импорттық өндіріс тауарларының үлесі 100 пайыз, ал отандық өндіріс 0 пайызға тең болса және керісінше тауарлар тобының соммасында немесе импорттық немесе отандық өнім есептелетін ТБИ-ден нақты салыстырмалы бағалық қолданылады.
      12. ТБИ-имп есебі өткен аймен салыстырғанда есепті айдың баға индексінде жүзеге асырылады.
      Айлық индекстерді өткен жылдың желтоқсанына есептеу тізбектеу әдісі арқылы, яғни өткен жылдың желтоқсанына есебінің алдындағы айға баға индексін есепті айдың баға индексіне көбейту арқылы жүргізіледі.
      Бағалау үшін қолданылатын баға индексін қалыптастырудың уақыт аралығындағы бар айырмашылықтар арқасында ТБИ-имп есебі өткенді ескеру арқылы жүреді.
      13. Қолданылған ақпараттық ағындарды қайта қарау келесі түрде жүргізіледі:
      1) ТБИ-имп тізіміне ресурстар теңгерімі айқындамаларын қысқарту, кеңейту жағдайында өзгерістер енгізіледі;
      2) ТБИ-имп «шартты салмақтарын» есептеу үшін импорт үлесі жыл сайын өткен жылғы ішкі нарық қорларының мөлшері туралы орташа жылдық деректерді жариялағаннан кейін өзектендіріледі;
      3) Сәйкестік кестесі ТБИ-имп айқындамалар тізімін өзгертумен бір мезгілде және (ТБИ, АШБИ, ИМТБИ, КСБИ) тиісті баға индекстерін құру үшін ақпарат ағындарын алмастыру жағдайында қаралады;
      4) ТБИ-имп «шартты салмақтары» өзектендірілген импорт үлесі және ағымдағы жылға анықталған ТБИ есептеуге оның салмақтық компоненттері негізінде жыл сайын қайта есептеледі.

Тұтыну бағалар индексі     
құрамындағы имптортталған   
тауарлардың баға индексін   
есептеу әдістемесіне 1-қосымша 

ТБИ-иқм есептеу үшін айқындамалар тізімі

Топ коды

Топтың атауы

ТБИ құраушылары

Бағалық бағалау үшін ақпараттық дереккөз:

ТБИ арқылы

ИМПБИ арқылы

0111

Нан және жарма өнімдері

Күріш

х

х

Ұн

х

х

Жарма

х

х

Нан

х


Макарон өнімдері

х

х

Тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері

х

х

Жарма өнімдері

х

х

0112

Ет

х

х

01121

Ет және құс еті

Сиыр еті

х


Жылқы еті

х


Шошқа еті

х


Қой еті

х


Құс еті

х

х

Еттің өзге де түрлері және қосалқы өнімдер

х


01122

Шұжық, ет өнімдері

Шұжықтар

х

х

Ет өнімдері

х

х

0113

Балық және теңіз өнімдері

Жаңа ауланған немесе мұздатылған балық және теңіз өнімдері

х

х

Қайта өңделген немесе консервіленген балық

х

х

0114

Сүт, ірімшік және жұмыртқа

Жаңа сауылған сүт

х

х

Консервіленген сүт

х

х

Қышқыл сүт өнімдері

х

х

Ірімшік және сүзбе

х

х

Жұмыртқа

х

х

0115

Май және тоң май

Мал майы

х

х

Маргарин

х

х

Күнбағыс майы

х

х

Зәйтүн майы

х

х

0116

Жемістер

Жаңа жиналған жемістер

х

х

Қайта өңделген және консервіленген жемістер

х

х

0117

Көкөністер

Жаңа жиналған көкөністер

х

х

Картоп

х

х

Қайта өңделген және консервіленген көкөністер

х

х

0118

Қант, джем, бал, шоколад, кондитерлік өнімдер

Қант

х

х

Джем, повидло, бал

х

х

Кондитерлік өнімдер

х

х

Балмұздақ

х

х

0119

Басқа дәрежелерге жатқызылмаған азық-түлік өнімдері

Дәмдеуіштер

х

х

Басқа да азық-түліктер

х

х

012

Алкогольсіз сусындар

Кофе, шай және какао

х

х

Минералды және ауыз су

х

х

Салқындатылған сусындар

х

х

Жеміс және көкөніс шырындары

х

х

021

Алкогольдік ішімдіктер

Арақ

х

х

Қарапайым маркалы коньяктар

х

х

Жүзімнен және басқа да жемістерден дайындалған шарап

х

х

Күшейтілген және шымырлататын шарап

х

х

Сыра

х

х

022

Темекі өнімдері

х

х

0311

Киім тігуге арналған материалдар

х

х

0312

Сырт киім

Трикотаж және шұлықтар бұйымдары

х

х

Трикотаж және шұлықтар бұйымдарынан басқа киімдер

х

х

0313

Басқа да киімнің заттары мен аксессуарлары

х

х

0321

Бәтеңкелер, туфли және өзге де аяқ киім

х

х

0431

Тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдар

Терезелік жалпақ әйнектер

х

х

Тұсқағаздар

х

х

Сыр және лак

х

х

Кафель

х

х

Цемент M400

х

х

Құрғақ құрылыс қоспалары

х

х

04520002

Сұйытылған газ үшін төлем

х

х

0454

Қатты отын

х

х

0511

Жиһаз және үйге қажетті заттар

х

х

0512

Кілемдер мен еденге арналған кілемдік жабындар

Жібек қосылып тоқылған түкті кілем

х

х

Синтетикалық кілем (алаша)

х

х

Линолеум

х

х

0520

Үй тұрмысында қолданылатын тоқыма бұйымдар

х

х

0531

Электр және электр емес тұрмыстық ірі жабдықтар

Тоңазытқыштар, мұздатқыштар

х

х

Кір жуатын және ыдыс жуатын машиналар

х

х

Ірі электр-тұрмыстық құрылғылар


х

0532

Ұсақ электр-тұрмыстық құрылымдар


х

0540

Шыны бұйымдары, асхана және үйге қажетті құрылғылар

Шыны және қыш бұйымдар


х

Асханалық құрылғылар


х

Электр емес ас үйлік керек-жарақтары мен тұрмыстық бұйымдар


х

0551

Ірі аспаптар мен құралдар


х

0552

Ұсақ аспаптар мен әр түрлі құралар

Ұсақ электр бұйымдары


х

Қолға ұстайтын құралдар мен құрал-саймандар

х

х

0561

Қысқа мерзімде пайдаланылмайтын тұрмыстық тауарлар

Жуғыш және тазалағыш құралдар


х

Үй тұрмысындағы ұсақ заттар

х

х

0611

Фармацевтикалық өнімдер

х

х

0612

Медициналық мақсаттағы өзге де өнімдер

Шприцтер

х

х

Медициналық таңғыш

х

х

Мақта

х

х

0613

Емдеу жабдықтары мен аппараттары

х

х

0711

Көліктер

х

х

0721

Жеке көлік құралдарына арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтар

Автошиналар

х

х

Автофильтрлер

х

х

0722

Жеке көлік құралдарына арналған отын мен жанар-жағар май материалдары

Бензин

х

х

Дизель отыны

х

х

Мотор майы

х

х

0820

Телефондық және факсимильдік жабдықтар


х

0911

Дыбыстар мен бейнелерді қабылдау, жазу және жаңғыртуға арналған жабдықтар

х

х

0912

Фото- және киножабдықтар мен оптикалық аспаптар

х

х

0913

Ақпараттарды өңдеуге арналған жабдықтар

Тасымалды дербес компьютер (ноутбук)

х

х

Калькуляторлар


х

0914

Жазатын құрылғылар мен материалдар

Жазуы бар материалдар

х

х

Жазылмаған (таза) материалдар


х

092

Демалыс және мәдени шаралар ұйымдастыру үшін ұзақ қолданылатын басқа да ірі тауарлар


х

093

Демалуға, спортқа арналған басқа да тауарлар мен жабдықтар, бағбандық және үй жануарлары


х

095

Газеттер, кітаптар және кеңсе тауарлары

Кітаптар, газеттер және журналдар

х

х

Кеңсе тауарлары мен сызу құралдары

х

х

1212

Жеке қолданатын электр аспаптары


х

1213

Жеке қолданатын өзге де тауарлар және аспаптар, заттар

Сусабын

х

х

Тіс пастасы

х

х

Иіс сабын

х

х

Балаларға арналған сабын

х

х

Дезодорант

х

х

Иіс су

х

х

Шашқа арналған бояулар


х

Ерін далабы


х

Қырынуға арналған зат


х

Тіс щеткасы


х

Дәретхана қағазы

х

х

Гигиеналық төсемелер

х

х

Кішкене жаялық

х

х

12311

Зергерлік бұйымдар, қолсағаттар


х

1232

Жеке қолданатын өзге де заттар


х

Тұтыну бағалар индексі     
құрамындағы имптортталған   
тауарлардың баға индексін   
есептеу әдістемесіне 2-қосымша 

Тұтыну бағалар индексінің құрамындағы импортталатын тауарлар бағасы индексін есептеу өтпелі мысалы

      Есептеу мысалында мынадай қысқартулар қолданылады:
      1) ҚР тауары – есептеудегі отандық өндіріс тауары туралы ақпарат беретін айқындама;
      2) ИМП-тауары – республикаға импортталатын тауар туралы ақпарат айқындама;
      3) Ресурстар теңгерімі – «Ресурстар және өнімдер (тауарлар) мен шикізаттардың жекелеген түрлерін пайдалану теңгерімі» статистикалық бюллетені қолданылады;
      4) ТБИ – тұтыну бағаларының индексі;
      5) ӨБИ – өнеркәсіп өнімдерін өндіру бағаларының индексі;
      6) ИМПТБИ – импорттық өнімдер түсімі бағаларының индексі.
      ҚР-тауар және ИМП-тауарының үлесін анықтау үшін деректер Ресурстар теңгерімінің «қорлар», «өндіріс», «импорт» тармақтарында берілген және олардың үлес салмағы ресурстар жолында анықталады.

1-мысал

ҚР-тауарының және ИМП-тауарының мөлшерін есептеу

Ресурстар теңгеріміндегі айқындамалар

Ресурстар

Өндіріс

Импорт

Күрішті қосқанда, жарма, тонна

71200

63215

7985

оның ішінде күріш

52219

46015

6204

Деректер айырмашылығы

18981
(71200-52219)

17200
(63215-46015)

1781
(7985-6204)

011122 «Жармалар» айқындамасындағы мөлшер

ҚР-тауар = 0,9062 (17200/18981)

ИМП-тауар = 0,0938
(1781/18981)

      Табылған үлесті ескере отырып ҚР-тауарының және ИМП-тауарының ТБИ салмағымен сәйкес айқындамалар бойынша «шартты» салмақ анықталады.

2-мысал

ҚР-тауарының және ИМП-тауарының шартты салмағын есептеу

Коды

Атауы

Қорлардағы үлесі

ТБИ-ғы салмақ

А

Б

1

2

011122

Жармалар


0,00387


ҚР-тауар

0,9062

0,00351=(0,00387*0,9062)


ИМП-тауар

0,0938

0,00036=(0,00387*0,0938)

      Есепті айға нақты салыстырмалы бағалық: ТБИ – айқындамалар бойынша толығымен, ӨБИ – ҚР-тауарларының айқындамалары бойынша, ИМПТБИ – ИМП-тауарларының айқындамалары бойынша анықталады.
      Олардың салмағы ескеріліп, құрылымдық салыстырмалы бағалық анықталады.

3-мысал

Құрылымдық салыстырмалы бағалық есебі

Коды

Атауы

ТБИ салмағы

Нақты салыстырмалы бағалық

Құрылымдық салыстырмалы бағалық

А

Б

2

3

4=2х3

011122

Жармалар

0,00387

1,0454

0,004046


ҚР-тауар

0,00351

1,0135

0,003557


ИМП-тауар

0,00036

0,9666

0,000348

      Бағалар индексінің нақты мәні пайдаланылғандықтан ТБИ (3б.) айқындамасы бойынша салыстырмалы бағалық ТБИ және ИМПТБИ бойынша салыстырмалы бағалықтың орташа мөлшері болып табылмайды. Яғни орташа мән құрамды мән болуы тиіс деген шарт орындалмайды. Мысалға:
      Тиісінше, ҚР мен – ИМП тауарға құрылымдық салыстырмалы бағалық жиынтығы (0,003905 = 0,003557+0,000348) ТБИ бойынша құрылымдық салыстырмалы бағалыққа тең емес (=0,004046).
      ҚР тауар және ИМП тауарларға құрылымдық салыстырмалы бағалықты қалыпқа келтіру жүзеге асырылады. Қалыпқа келтіру коэффициенті ҚР тауары және ИМП тауарларына құрылымдық салыстырмалы бағалық сомасына ТБИ бойынша нақты құрылымдық салыстырмалы бағалықтың қатынасымен анықталады.
      Алынған қалыпқа келтіру коэффициентін ҚР тауар және ИМП тауар құрылымдық салыстырмалы бағалығына көбейту арқылы қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық табылады.

4-мысал

Қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалықтың есебі

Коды

Атауы

Құрылымдық салыстырмалы бағалық

Қалыпқа келтірілген коэффициент

Қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық

А

Б

4=2х3

5

6=4х5

011122

Жармалар

0,004046

1,036108

0,004046


ҚР-тауар

0,003557


0,003685


ИМП-тауар

0,000348


0,000361

      ҚР тауар және ИМП тауарларына қалыпқа келтірілген құрылымдық салыстырмалы бағалық және осы айқындаманың салмағы негізінде ҚР тауар және ИМП тауарлары бойынша салыстырмалы бағалық қайта есептеледі.

5-мысал

Айқындама бойынша ТБИ-имп ескерілген салыстырмалы бағалықты есептеу

Коды

Атауы

ТБИ-дегі салмағы

Нақты салыстырмалы бағалық

Қалыпталған құрылымдық салыстырмалы бағалық

Қалыпталған салыстырмалы бағалық

А

Б

2

3

6=4х5

7=6/2

011122

Жармалар

0,00387

1,0454

0,004046

1,0454


ҚР-тауар

0,00351

1,0135

0,003685

1,0500


ИМП-тауар

0,00036

0,9666

0,000361

1,0016

      Нәтижесінде ТБИ мәні ҚР тауар және ИМП тауарларына бағаның өзгеруі беталысын ескеретін, орташа өлшенген шама орнығады. Орташа мәні құрастырылған мәннің шегінен табылу керек: деген жағдай қалпына келеді.
      Осылайша «жармалар» айқындамасы бойынша 104,5% тең ТБИ құрамындағы ТБИ-имп 100,2% (1,0016х100%) құрады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады