"Үздік спорт журналисі" атағын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 194 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 шілдеде № 14043 болып тіркелді

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 291 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9678 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуын туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі
      ____________ Д. Абаев
      2016 жылғы «__» ___________

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы   
№ 194 бұйрығына       
қосымша           

Қазақстан Республикасы    
Спорт және дене шынықтыру   
істері агенттігі төрағасының 
2014 жылғы 28 шілдедегі   
№ 291 бұйрығымен      
бекітілген        

«Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Үздік спорт журналисі» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Үздік спорт журналисі» атағын берудің тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) конкурсқа қатысушы – Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) спорттық жарыстарды, спорттық іс-шараларды жария етуде айтарлықтай елеулі үлес қосқан осы Қағидаларға сәйкес конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсынған, дене шынықтыруды дамытуға елеулі еңбек сіңірген БАҚ өкілі;
      2) сыйақы - жеңген конкурсқа қатысушыға өтеусіз берілетін ақшалай қаражат.

2. Атақ берудің тәртібі

      3. «Үздік спорт журналисі» атағын беру үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Үздік спорт журналисі» конкурсын (бұдан әрі – конкурс) өткізеді, оның мақсаты қазақстандық спорт журналистикасының сапасын және БАҚ-та спорттық ақпараттарды таратудың мәдени деңгейін арттыру болып табылады.
      4. Конкурс жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:
      1) «Үздік телевизиялық репортаж»;
      2) «Үздік жарияланым»;
      3) «Үздік фоторепортаж».
      5. Конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті орган БАҚ-та жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында жыл сайын 10 қарашаға дейін кешіктірілмей орналастырады.
      Хабарландыру конкурстың атауын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау орнын, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдауды басталу мен аяқталу күнін, конкурс туралы қосымша ақпаратты алу үшін уәкілетті органның байланыс деректерін қамтиды.
      6. Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға мына құжаттар ұсынылады:
      1) бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін еркін нысандағы өтініш;
      2) конкурсқа қатысушының шығармашылық қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      3) спортшыға немесе спорттық оқиғаға арналған, эфирге шыққан және/немесе баспа немесе электронды БАҚ-та ағымдағы жыл ішінде жарық көрген жұмыс. Жұмыс қағаз және электронды тасығышта (бейнематериал; аудиоматериал; жарияланым (баспа не электрондық данасы); фотожұмыс (фоторепортаж) ұсынылады.
      Бір конкурсқа қатысушы тек бір номинация бойынша конкурсқа қатысу үшін жұмыс ұсына алады.
      7. Комиссия төрағаны, төраға орынбасарын қоса алғанда кемінде он бір адам есебінде мүшелердің тақ санынан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
      8. Уәкілетті орган комиссия мына құрады, ол:
      1) мына критерийлері бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды:
      «Үздік спорттық телевизиялық репортаж» номинациясы бойынша - журналистің сауатты ауызша сөйлеген сөзі, сюжеттің драматургиясы, бейнеқатардың сапасы, стендаптың, кадрдан тыс мәтіннің орындылығы;
      «Үздік спорттық жарияланым» номинациясы бойынша - тілдің сауаттылығы, нақтылығы, сөз саптаудың түпнұсқалығы, авторлық беру, сюжеттің драматургиясы;
      «Үздік спорттық фоторепортаж» номинациясы бойынша – қарқындылығы, стандартты емес көркем шешімі, өнертапқыштылығы мен креативтілігі, бейнесінің сапасы;
      2) конкурсқа қатысушылардың арасында жеңімпазды анықтайды және «Үздік спорт журналисі» атағын береді.
      9. Комиссияның отырысы егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 қатысса заңды деп саналады. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
      10. Әр номинация бойынша конкурсқа қатысушылардың арасында жеңімпазды айқындау және «Үздік спорт журналисі» атағын беру туралы комиссияның шешімі қатысып отырған комиссия мүшелерінің көп дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
      11. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
      12. Әр номинация бойынша жеңімпаздарға «Үздік спорт журналисі» атағы және Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық тапсырылады.

3. Қорытынды ереже

      13. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін қажетті қаражат республикалық бюджет есебінен Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдені төлеуге бөлінген 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
      14. Конкурстың нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылады және конкурс өткізілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде БАҚ-та жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады