Байланыс формасы

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 794 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қарашада № 14460 болып тіркелді

      «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысының 10-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13764 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша өтемақы төлеу қағидаларында:
      8 және 9-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Өтемақыны төлеу осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес үш кезеңде жүзеге асырылады:
      2016 жылы екі кезең;
      2017 жылы бір кезең.
      9. 2016 жылы өтемақыны есептеу 2016 жылғы 1 тамызға дейін және 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін:
      1) салымшыда қол қойылған қосымша келісімі;
      2) қарыз алушыда берілген өтініші болған кезде жүзеге асырылады»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Өтемақы мөлшерін есептеу үшін 2015 жылғы 18 тамыздағы және 2015 жылғы 20 тамыздағы Астана уақытымен сағат 11.00-дегі жай-күйі бойынша «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының таңғы (негізгі) сессиясында қалыптасқан Америка Құрама Штаттары долларына шаққандағы ұлттық валютаның (теңге) орташа алынған биржалық бағамы пайдаланды.
      Өтемақы коэффициенті тұрғын үй құрылыс жинақтарына салым сомасының 35,5%-ды құрайды, оның ішінде: 2016 жылы 19,7%, оның 12,7%-ы республикалық бюджеттен және 7%-ы Банк қаражатынан; 2017 жылы 15,8%, оның 8,8%-ы республикалық бюджеттен және 7%-ы Банк қаражатынан.»;
      2016 жылы бөлінген республикалық бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, Банк өз қаражаты есебінен жинақ шотына/салымшылардың шотына немесе ағымдағы шотқа/қарыз алушылардың шотына жетіспейтін өтемақы сомасын есептеуді жүзеге асырады. 2016 жылы төленген Банктің осы қаражаты бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне дебиторлық берешек шоттарында Банктің бухгалтерлік есебінде көрсетіледі.
      2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Банк өз қаражатының есебінен жинақ шотына/салымшылардың шотына немесе ағымдағы шотқа/ қарыз алушылардың шоттарының есебіне жатқызған өтемақының жетіспейтін сомасын Банктің шотына аударады»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Банк 2016 жылғы 15 тамызға, 2017 жылғы 20 қаңтарға және 2017 жылғы 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне салымшыға және қарыз алушыға өтемақы төлеу үшін алынған қаражаттарды нысаналы пайдалану туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, есепті ұсынады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Активтерді басқару департаменті (Ә. Ботанова):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 16 қараша

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 17 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады