Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 276 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 14567 болып тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың көшірмелерін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің
      төрағасы                                   Н. Айдапкелов

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 28 қарашадағы  
№ 276 бұйрығымен      
бекітілді         

Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Әдістеме әкімшілік деректерді және халық санағының деректерін қолдану негізінде халықтың көші-қонын статистикалық есепке алу жүйесінің негізгі аспектілерін және қағидаттарын айқындайды.
      3. Осы Әдістемені халықтың көші-қоны статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары қолданады.
      4. Осы Әдістемеде Заңда, сонымен қатар «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңында анықталған мәндердегі ұғымдар қолданылады.
      5. Халықтың көші-қоны туралы мәліметтер мемлекеттің демографиялық статистикасының құрамдас бөлігі болып табылады. Халықтың көші-қоны халық санының серпініне ықпал етеді, оның демографиялық сипаттамаларын және ұлттық құрамын өзгертеді.
      6. Халықтың көші-қонын статистикалық есепке алудың мақсаты орын ауыстырулардың салдарын болжау үшін қажетті азаматтардың орнын ауыстыру жөніндегі толық, анық, жедел және өзекті ақпаратты қалыптастыру болып табылады.

2-тарау. Халықтың көші-қоны статистикасын қалыптастыру

      7. Белгілі бір уақыт кезеңінде белгілі бір ауданға келетін немесе кететін адамдардың саны, жынысы және жасы жөніндегі ақпарат, сол уақыт кезеңінің басында осы ауданда тіркелген адамдардың саны жөніндегі мәліметтер халықтың санын және құрылымын бағалау үшін пайдаланылады.
      8. Қазақстан Республикасында халықтың көші-қоны статистикасы тұрақты тұрғылықты жерді ауыстыру мақсатында адамдардың қозғалысын есепке алуға негізделеді. Көші-қоны статистикасында, аудандарға бөлінулері бар қалалардан басқа, сол бір қала, кент немесе ауыл шегінде адамдардың қозғалысын есептелмейді.
      9. Халықтың көші-қоны статистикасы бойынша ағымдағы деректерді қалыптастыру үшін әкімшілік дереккөздер ұсынатын әкімшілік деректер және Статистикалық жұмыс жоспарынан тыс жүргізілетін ұлттық санақтардың дереккөздері пайдаланылады.
      10. Халықтың көші-қоны туралы әкімшілік дереккөздерімен берілетін әкімшілік деректерде бар мәліметтерді өндеу аумақтық және әлеуметтік-демографиялық бірқатар белгілері бойынша топтастырылған келгендер және кеткендер жөнінде деректерді алуға мүмкіндік береді.
      11. Халықтың көші-қоны туралы ресми статистикалық ақпарат жыл сайынғы, тоқсан сайынғы және ай сайынғы негізінде қалыптастырылады және Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      12. Халықтың көші-қонын сипаттайтын негізгі статистикалық жарияланымдарға:
      1) ай сайынғы негізде шығарылатын Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай туралы жедел ақпараттар және баспасөз хабарламалары;
      2) тоқсан сайынғы және жыл сайынғы негізінде шығарылатын халықтың көші-қоны туралы статистикалық бюллетендер;
      3) тиісті жыл бойынша «Қазақстанның демографиялық жылнамалық» статистикалық жинағы жатады.

3-тарау. Халықтың көші-қонының негізгі көрсеткіштерін есептеу

      13. Мемлекет, өңір немесе елді-мекен деңгейінде көші-қоны жағдайын талдау үшін қолданылатын халықтың көші-қонының абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері аумақ халқының қозғалмалылығының жалпы деңгейін, сол немесе өзге уақыт кезеңі үшін көші-қон ағынының масштабын, құрылымын, бағыттарын және нәтижелілігін сипаттайды.
      14. Көші-қоны процесстерінің сандық сипаттамасы үшін келесі абсолюттік көрсеткіштер қолданылады:
      келгендер (келулер) саны;
      кеткендер (кетулер) саны;
      көші-қоны айырымы немесе көші-қоны өсуі (жылыстауы);
      көші-қоны көлемі немесе көші-қоны ағыны.
      15. Көші-қоны айырымы немесе көші-қоны өсуі (жылыстауы) халықтың аумақтық орын ауыстыруының нәтижелерін көрсетеді. Көші-қонының әртүрлі: белгілі бір аумақ үшін ішкі және сыртқы көші-қоны, қала және ауыл елді мекендері арасындағы ағындар үшін есептеледі. Келу және кету абсолюттік көрсеткіштерінің айырмашылығы ретінде анықталады:

                               

      мұнда:
       – көші-қоны айырымы;
      – келгендер (келулер) саны;
      – кеткендер (кетулер) саны.
      Кеткендер саны келгендер санынан асып кеткен кезде көші-қоны айырымы теріс шама болып табылады және халықтың көші-қоны жылыстауын көрсетеді.
      16. Белгілі бір уақытта сол немесе өзге де әкімшілік-аумақтық деңгейі шеңберіндегі көшірулердің жиынтығы келу және кету абсолюттік көрсеткіштерінің сомасы белгіленетін жалпы көші-қоны немесе көші-қоны айналымын (брутто-көші-қоны) білдіреді:

                               

      мұнда:
      – жалпы көші-қоны;
      – келгендер (келулер) саны;
      – кеткендер (кетулер) саны.
      17. Көші-қоны процесстеріне талдау жүргізу үшін көші-қонының құрылымын, қарқындылығын және нәтижелілігін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер қатары пайдаланылады.
      18. Көші-қонының қарқындылығы белгілі бір кезеңі үшін халықтың жиынтығында көші-қоны оқиғаларының жиілігін сипаттайтын көрсеткіштердің қатарын білдіреді. Көші-қонының қарқындылығын сипаттау негізінде келу бойынша қарқындылық коэффициенті, кету бойынша қарқындылық коэффициенті, көші-қоны айналымының қарқындылық коэффициенті және көші-қоны өсімінің коэффициенті қолданылады.
      1) Келу бойынша қарқындылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:

                             

      мұнда:
      Kp – келу бойынша қарқындылық коэффициенті;
      Р – келгендер (келулер) саны;
      Н – халықтың жылдық орташа саны.
      2) Кету бойынша қарқындылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:

                              

      мұнда:
      – кету бойынша қарқындылық коэффициенті;
      – кеткендер (кетулер) саны;
      Н – халықтың жылдық орташа саны.
      3) Көші-қоны айналымының қарқындылық коэффициенті мына формуламен есептеледі:

                             

      мұнда:
       – көші-қоны айналымының қарқындылық коэффициенті;
      – келгендер (келулер) саны;
      – кеткендер (кетулер) саны.
      Н – халықтың жылдық орташа саны.
      4) Көші-қоны өсімінің коэффициенті мына формуламен есептеледі:

                             

      мұнда:
      - көші-қоны өсімінің коэффициенті;
      – көші-қоны айырымы;
      – халықтың жылдық орташа саны.
      19. Көші-қоны қарқындылығын сипаттайтын коэффициенттер халықтың немесе оның әртүрлі топтарының белгілі бар аумақтағы жылдар қатары бойынша көші-қоны қозғалмалылығының айырмашылығын көрсетеді және жеке аумақтар мен тең емес уақыт кезеңдері бойынша көші-қоны процестерін салғастыруға мүмкіндік береді.
      20. Халықтың көші-қоны нәтижелілігінің коэффициенті сол немесе өзге аумақтан кеткендер саны мен оған әр мың келгендер арасындағы қатынасты білдіреді. Бұл көрсеткіш кеткендер саны 1000 келгендерге есептелуімен көрсетіледі және келесі формула бойынша есептеледі:

                              

      где:
      - көші-қоны нәтижелілігінің коэффициенті;
      – кеткендер (кетулер) саны;
      – келгендер (келулер) саны.
      21. Коші-қоны қарқындылығының коэффициенттері белгілі аумақтың барлық халқы үшін және оның әртүрлі құрылымдық элементтері үшін де есептеледі:
      1) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің аумақтық құрылымы әр елден немесе өңірден келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
      2) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің жас құрылымы әр жас тобы бойынша келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
      3) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің жынысы құрылымы келген, кеткен ерлер мен әйелдер және көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
      4) келген мигранттар және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің білім құрылымы әр білім тобы бойынша келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
      5) азаматтығы бойынша келген және кеткен мигранттар ағыны, сонымен қатар көші-қоны өсімінің құрылымы азаматтығы бойынша әр топтың келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
      6) келген және кеткен мигранттар ағынының, сонымен қатар көші-қоны өсімінің этникалық (ұлттық) құрылымы әр этникалық топтың келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің абсолюттік санының келгендер, кеткендер немесе көші-қоны өсімінің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі;
      7) көші-қоны себептері бойынша келген мигранттар және кеткен мигранттар құрылымы көрсетілген себеп бойынша келген немесе кеткен мигранттардың абсолюттік санының келгендер немесе кеткендердің жалпы санына қатынасы ретінде анықталады және 100% көбейтіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады