Байланыс формасы

"Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 720 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14745 болып тіркелді

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      "Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      "1. Қоса беріліп отырған Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.";
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
      1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындыларын, соның ішінде оқу және/немесе әдістемелік материалдарды жасаған жеке тұлға;
      2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;
      3) әдіскер – нақты оқу пәнін (оқу пәндерін) оқыту әдістемесі саласының маманы;
      4) әзірлеуші – оқу әдебиеттерінің мазмұнын жобалаумен, мазмұндаумен және ресімдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) баспа – баспа өнімін дайындау мен басып шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорын;
      6) бірыңғай базалық оқулық – бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда міндетті түрде пайдаланылатын оқулық;
      7) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынасында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
      8) қағаз жүзіндегі оқулықтың электрондық нұсқасы – құрылымы, мазмұны және көркем безендірілуі оқулықтың баспа формасына сәйкес келетін электрондық басылым;
      9) қосымша әдебиет – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖБС), үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыруға ықпал ететін, оқулық пен оқу-әдістемелік кешен жиынтығына кірмейтін басылым;
      10) қосымша пайдалануға арналған оқулық – бірыңғай базалық оқулыққа көмекші оқу материалы ретінде пайдаланылатын қосымша оқу басылымы;
      11) оқу әдебиеттеріне ғылыми және педагогикалық сараптама жасау – оқу басылымы мазмұнының ҚР МЖБС талаптарына, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына, қазіргі ғылыми ұстанымдарға, ал әдістемелік аппараттың білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылым талаптарына сәйкестігін бағалау;
      12) оқулық – оқу пәнін (пәнді) жүйелі баяндайтын, ҚР МЖБС, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы оқу басылымының түрі ретінде ресми бекітілген оқу басылымының түрі;
      13) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сынақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың пайдалану практикасын кешенді зерделеу;
      14) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар мониторингі – оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды білім беру процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
      15) оқу әдебиеті – білімдік, сонымен бірге рухани-адамгершілік және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жеке және (немесе) олардың жиынтығы бойынша барлық қабылданған оқу басылымдарының түрлерін қамтитын әртүрлі білім саласындағы баспа шығармалар;
      16) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
      17) оқу басылымы – нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша білім беру процесінде пайдалануға арналған басылым;
      18) оқу-әдістемелік құрал (бұдан әрі – ОӘҚ) – оқыту пәнін, оның тарауын, бөлігін оқыту және меңгеру немесе тәрбиенің әдістемелері бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымының түрі;
      19) оқулыққа электрондық қосымша (бұдан әрі – ЭҚ) – мультимедиялық элементтерді, практикалық және бақылау жұмыстарын қолдана отырып, оқулықтың мазмұнын кеңейтетін және/немесе толықтыратын электрондық интерактивті оқу материалы;
      20) педагог-практик – педагогикалық білімі бар, оқу-әдістемелік қызметтің технологиясын еркін меңгерген, бірнеше жылдар аралығында кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымындағы лауазымды тұлға;
      21) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;
      22) түпнұсқа-макет – болашақ басылымның тиісті бетіне әр беті толығымен сәйкес келетін, сыртқы элементтері мен құрылымы бойынша аяқталған кітаптың түпнұсқасы;
      23) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;
      24) электрондық жеткізгіштердегі оқу басылымы – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу курсына сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылымдар. Электрондық басылым электрондық жеткізгіште орындалуы, сонымен бірге интернет-ресурстарда орналастырылуы мүмкін. Электрондық оқу басылымдарына келесілер кіреді: электрондық оқулық, электрондық оқу құралы, электрондық оқу-әдістемелік кешен, видео-, аудио- материалдар, сандық білім беру ресурстары, виртуалды зертханалар және т.б.";
      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Автор, авторлық ұжым ҚР МЖБС-ға сәйкес уәкілетті орган білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат еткен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың, оның ішінде электронды жеткізгіштегілердің мазмұнын әрбір төрт жылда, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір алты жылда өңдейді.
      7. Уәкілетті орган барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерге ғылыми және педагогикалық сараптама бойынша тақырыптық жоспарды (бұдан әрі – тақырыптық жоспар) келесі жылға ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін бекітеді, ол "Оқулық" орталығының сайтында бекітілген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.";
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Уәкілетті орган оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерді сараптамаға қабылдауды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен шілде аралығындағы кезеңде, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен қазан аралығындағы кезеңде ұйымдастырады.";
      12-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Оқу әдебиетінің авторы, авторлық ұжымы, баспасы және әзірлеушілері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе уәкілетті орган арқылы "Оқулық" орталығына келесі материалдарды жібереді:";
      2) тармақша алынып тасталсын;
      13 және 13-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Мемлекеттік корпорация немесе уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықтайды.
      Мемлекеттік корпорация немесе уәкілетті орган бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен материалдарды сараптама өткізу үшін "Оқулық" орталығына жібереді.
      13-1. Мемлекеттік корпорация немесе уәкілетті орган Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 19 және 19-1-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес сараптаманы өткізу үшін материалдарды қабылдаудан бас тартады.";
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерге ғылыми және педагогикалық сараптама өткізу ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ал әдістемелік аппараттың – білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарына, психология-педагогика ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
      "Оқулық" орталығы бастауыш білім беру деңгейіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге келесі қайта басып шығарылғанға дейін сынақ алды және сынақтан кейінгі сараптама өткізеді.
      Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың сапасына қоғамдық бағалау жүргізу үшін олардың электрондық нұсқалары сараптамадан өткізу кезінде "Оқулық" орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.";
      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "17. Мемлекеттік корпорация немесе уәкілетті орган авторға (авторлық ұжымға) немесе баспаға сараптама нәтижелерін береді.
      18. Оқулық" орталығының сараптама қорытындысына сәйкес автор (авторлық ұжым) немесе баспа өңдеуді талап ететін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды өңдеуден кейін Мемлекеттік корпорацияға немесе уәкілетті органға қайта сараптама өткізуге сараптамалық шешімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Екінші рет қайтарылған немесе білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмаған оқу басылымдары ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды.";
      20-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сынақ өткізетін эксперименттік білім беру ұйымдарының тізімін және оқулықтар мен ОӘК тізбесін қалыптастырады.";
      24, 25, 26, 27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармалары жыл сайын оқу процесінде қолданыстағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің сапасы және оларға сұраныс бойынша "Оқулық" орталығына ақпарат береді.
      25. Министрлік оқулықтар мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары тарапынан сұраныссыз қалған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды Оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тiзбесінен (бұдан әрі – Тізбе) алып тастау туралы шешім қабылдайды.
      26. Министрлік оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерді, сараптама және сынақ жүргізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.
      Республикалық комиссияның құрамы Министрліктің бірінші басшысымен бекітіледі.
      Республикалық комиссияның құрамына отандық білім беруді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, педагогикалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді.
      Уәкілетті орган оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың, оның ішінде электронды жеткізгіштегілердің сараптама, сынақ нәтижелерін қарастыру және Республикалық комиссияға ұсыныс енгізу үшін пәндік комиссияларды құрады.
      Пәндік комиссиялар құрамы бір жыл мерзімге бекітіледі. Әрбір пәндік комиссия құрамына жетекші және ғалымдар мен педагог-практиктерден тұратын комиссияның мүшелері кіреді.
      Пәндік комиссиялар:
      1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріне арналған оқулықтарға сараптама жасайды және бірыңғай базалық оқулықты анықтау үшін деңгейге бөлу жұмыстарын жүргізеді;
      2) оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сынақ қорытындыларын қарастырады;
      3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды жеткізгіштегілерді сараптамалық бағалау, сынақтан өткізу және деңгейге бөлу, қорытындыларын Республикалық комиссияның қарауына енгізеді.
      27. Республикалық комиссия:
      1) пәндік комиссиялар жұмысының қорытындыларын қарастырады;
      2) пәндік комиссиялардың ұсыныстарын есепке ала отырып, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде бірыңғай базалық оқулықтарды іріктеуді жүзеге асырады;
      3) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерді оқу процесінде пайдалану туралы мынадай шешімдерді қабылдайды:
      "білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады";
      "білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды";
      "білім беру ұйымдарында бірыңғай базалық оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады";
      "білім беру ұйымдарында қосымша қолдануға арналған оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады";
      4) Тізбеге енгізу үшін ұсынылған оқу әдебиеттері тізімін Министрліктің қарауына және бекітуіне ұсынады;
      5) барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді.
      28. Республикалық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      Отырыс Республикалық комиссия мүшелерінің жартысынан көп бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.
      Республикалық комиссияның шешімі қайта қарастырылмайды.".
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен расталған қағаз данасының көшірмесімен электронды тасымалдағышта мерзімді баспа басылымдарына, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады