"Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 569 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қаңтарда № 14746 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 335 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 20.08.2021 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы №124 (1153) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті қалдықтар паспортының нысаның осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі ресмі жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 569 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің 2007 жылғы
30 сәуірдегі № 128-ө
бұйрығымен бекітілді

Қауіпті қалдықтар паспортының нысаны*

      Қалдықтардың атауы (коды)

      ______________________________________________________________________

      (Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЖСН, тұрғылықты

      жері, өндірістік үй-жайы болған кезде- оның орналасқан жері, қалдық шығарушы

      кәсіпорынның атауы мен деректемелері, БСН);

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Телефон ___________ факс _______________ e-mail _________________________

      Есеп шоты № __________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      Қалдықтардың шығу тегі:


Қалдықтар пайда болған бастапқы материалдардың тізбесі мен атауы

технологиялық процестің немесе процестің атауы**

Қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің тізбесі

Өндірілген қалдықтардың саны (кг/тонн)

Берілген қалдықтардың саны (қалдықтарды берген кезде қалдықтар паспортында толтырылады)

Жөнелту деректемелері

1

2

3

4

5

6







      Қалдықтардың химиялық құрамы және олардың компоненттерінің қауіпті қасиеттерінің сипаттамасы:

Қалдықтар компоненттерінің атауы

Сi, мг/кг шоғырлануы

Олардың негізінде қалдықтар индексі анықталған параметрлер

Қалдықтар индексі

Атауы және өлшем бірлігі

Мәні

Қалдықтардың қауіптілік деңгейі

Сипаттама алынған құжаттың белгілемесі


1

2

3

4

5

6

7








      Қалдықтарды өңдеудің ұсынылатын тәсілдері _____________________________

      Қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі қажетті сақтану шаралары _____________

      Қалдықтарды тасымалдауға және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге

      қойылатын талаптар __________________________________________________

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың

      салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар

      ____________________________________________________

      Қосымша ақпарат қамтылуға тиіс_______________________________________

      Мен, осы қалдықтар құрамында жоғарыда аталған компоненттер ғана көрсетілген

      шоғырлануда бар екендігін тексергенімді (талдаулар, тестілер, бастапқы шикізат және осы

      қалдықтар шығу тегінің технологиясы және тағы басқа туралы білімдер арқылы), осының

      нәтижесінде мен қалдықтарды ______________ индекс қалдықтары ретінде жіктегенімді мәлімдеймін.

      Ақпарат дұрыс, дәл және толық.

      Кәсіпорынның басшысы________________________ Тегі, аты, әкесінің аты

      (ол болған жағдайда) (немесе жеке тұлға) қолы

      20 __ жылғы "______"___________

      М.О. (ол болған жағдайда)

      Ескерту

      * Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес-қалдықтар құралған процестің технологиялық регламентінің өзгеруіне байланысты осы қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгерген жағдайда қауіпті қалдықтар паспорты өзінің қолданылуын тоқтатады.

      ** Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 11-тармағына сәйкес-қауіпті қалдықтар паспортында бастапқы тауардың (өнімнің) атауы беріле отырып, нәтижесінде қалдықтар құралған технологиялық процестің немесе нәтижесінде тауар (өнім) өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан процестің атауы көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады