Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 6С-5-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қазанда № 5579 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берілген Ақмола облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

  Ақмола облыстық
мәслихатының
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 6С-5-3 шешімімен
бекітілді

Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарының негізінде әзірленді және Ақмола облысында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізудің тәртібін белгілейді.
      2. Қағидалар Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының өндірістік, әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, отын-энергетикалық кешен объектілерінің жылу беру маусымын өту кезінде тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жылу беру маусымына дайындау бойынша қызметін үйлестіреді.

      3. тұтынушы – электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіретін, жылу беретін және жылу тұтынатын қондырғылардан тұратын кешен;

      сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      энергия беруші ұйым – шарттар негізінде электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін ұйым;

      энергиямен жабдықтаушы ұйым – сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;

      энергия өндіруші ұйым – электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес электр және (немесе) жылу энергиясының жеке тұтынушылары мен электр энергиясының нетто-тұтынушылары болып табылатын осындай тұтынушыларды қоспағанда, көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алушыларға, жылу энергиясын тұтынушыларға өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым;

      кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұруына (болуына) жағдайлар жасауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 10.03.2021 № 7С-2-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне кіретін ұйымдар мен мекемелер тұтынушылардың жылумен, сумен, электрмен, газбен және су бұрумен тұрақты қамсыздандырылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия ұстаушының қажетті параметрлерін және тұрғын үйлер мен тұрғын емес ғимараттарда олардың тағайындалуын және энергия тұтыну тәртібіне төлемін ескере отырып, нормативтік температуралық режимін қамтамасыз етуді сақтайды.
      5. Облыс аумағында объектілерді күзгі-қысқы жұмысқа дайындау жыл сайынғы облыс әкімінің Ақмола облысының өндірістік және әлеуметтік кешенін күзгі-қысқы жұмысқа дайындау туралы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
      6. Ақмола облысының жылу беру маусымына дайындығы мен оны өткізуін жалпы бақылауды өз құзіреті шегінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін, бюджеттік саланың кәсіпорындары мен ұйымдарын жылу беру маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын үйлестіру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялары жүзеге асырады.
      7. Облыс өңірлерінде отын-энергетикалық кешен мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін алдағы жылу беру маусыдағы қысқы кезеңде жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі –жылу беру маусымына дайындау жоспары) ұсыну тәртібі:
      1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне кіретін кәсіпорындар жыл сайын жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органға жылу беру маусымына дайындық жоспарын ұсынады;
      2) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы орган "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жинақтау үшін бірыңғай жоспар ұсынады.
      8. Жылу беру маусымына дайындық бойынша жоспардың орындалуы туралы есеп келесі тәртіпте ұсынылады:
      1) тұрғын үй-коммуналдық, отын-энергетикалық кешенге кіретін кәсіпорындар аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдарына – апта сайын;
      2) аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы жергілікті атқарушы органдары өз өңірі бойынша жиынтық есепті "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне – апта сайын;
      3) "Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысы бойынша жиынтық есепті Ақмола облысының әкімдігіне – апта сайын.
      9. Жылу беру маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған жағдайда есепке
      1) орындалмау себебі көрсетілген анықтама;
      2) жағдайды түзету бойынша қолданылып жатқан шаралар;
      3) жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімі қоса беріледі.
      10. Қалалар мен аудандардың елді мекендерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының энергиямен қамтамасыз ету мәселелері бойынша диспетчерлік қызметтердің өзара іс-әрекеті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      11. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушылармен (абоненттермен) өзара қарым-қатынасы олардың жасасқан шарттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленеді.
      12. Қатынастар осы Қағидалармен реттелмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларын басшылыққа алу керек.

2. Жылу беру маусымына дайындық

      13. Жылу беру маусымына дайындық келесілерді қамтиды:
      1) өткен жылу беру маусымында анықталған кемшіліктерді талдау, анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою:
      2) жылу беру маусымына дайындық жоспарын әзірлеу;
      3) қаржыландыру мәселесін шешу және мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу, жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) жылумен қамсыздандыру көздері мен орталық жылу пунктерінде қажетті жұмыстарды жүргізу, оның ішінде қазандарды, ыдыстарды су құбырларын сынау;
      5) жылу беру мен жылу тораптарының гидравликалық режимі кестесін әзірлеу;
      6) инженерлік тораптарда жұмыстар жүргізу, оның ішінде реконструкциялаумен, күрделі және ағымдағы жөндеумен, сынаумен және шаю жұмыстарын жүргізу;
      7) электр көздері, жылу көздері және инженерлік тораптарда алдын алу, жоспарлы жөндеулерді жүргізу;
      8) ғимараттарды (үйлерді) дайындау, ғимарат (үй) ішіндегі инженерлік жүйе жабдықтарын жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу;
      9) негізгі және резервті отынның нормативтік қорын, сондай-ақ энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде технологиялық апаттар мен табиғи апат салдарын жоюға арналған материалдық-техникалық ресурстардың апаттық қорын жасау;
      10) отын қоймаларын дайындау, резервті отын шаруашылығының инженерлік жабдығын, отын дайындау, отын беру және қалдықтар мен күлді жою жүйелерін, темір жол және автомобиль жақын жолдарын, өртке қарсы шаруышылықты жөндеу;
      14. Кондоминиум объектілерін басқару органдары:
      1) жылу беру бойынша қызмет көрсетілетін үйішілік инженерлік тораптар мен салынымдардың сақталуын, қауіпсіздігін, тиісті техникалық жағдайын және пайдалануын қамтамасыз етеді;
      2) жалпы үйішілік қажеттіліктерге пайдаланылатын жылумен қамсыздандыру бойынша көрсетілетін қызметтердің тиімді тұтынылуын қамтамасыз етеді, үйішілік инженерлік тораптар мен салынымдарда жылу шығынының алдын алады;
      3) жылумен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуші қойған пломбаның бұзылуы туралы жылумен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетушіге хабарлайды;
      4) жылумен қамсыздандыру бойынша өнім беруші өкілдерінің жалпыүйлік есептеу қралдарына, үйішілік инженерлік тораптар мен құрылыстарға кедергісіз қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      5) үйішілік инженерлік тораптар мен құрылыстарды тиісінше күтіп-ұстау бойынша жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүзеге асыру үшін үшінші тарапты тартады, қызмет көрсетуші субъектілермен шарт жасасады және оның орындалуын бақылайды;
      6) жай (пәтер) иелерінің жиналысын ұйымдастырады және жазбаша сауалнама жүргізеді;
      7) барлық жай (пәтер) иелеріне арналған барлық көрінетін жерде, стендтерде жайды, сондай-ақ ортақ мүлікті жөндеу және ол бойынша қызмет көрсетуші ұйымдар, сондай-ақ жылумен қамсыздандыру бойынша қызмет көрсетуші ұйымдар - өнім берушілер туралы (атауы, байланыс телефоны, апаттық қызмет телефоны) ақпарат орналастырады;
      8) кондоминиум объектісінің техникалық және инженерлік жабдықтары бойынша санитарлық-техникалық жұмыстың үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету шараларын қолданады;
      9) пәтер (жай) иелеріне апаттық жағдайларды қоспағанда, ажырату, сынау және басқа да инженерлік тораптардағы режимнің өзгеруі туралы екі тәулік бұрын хабарлайды;
      15. Күзетілетін жылу тораптары аймағының шегінде жұмыстар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      16. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінде апатты жою апаттық жағдайларды жою тәртібіне сәйкес және жылумен қамсыздандырушы, жылу беруші және жылу тұтынушы ұйымдардың, жөндеу-құрылыс, көліктік ұйымдардың және басқа да қызметтердің бірлескен әрекетін ескере отырып жүзеге асырылады.
      17. Жылу тораптарында апаттың алдын алу немесе оның салдарын жою жұмыстары жылдың барлық маусымында жерді пайдаланушының келісімінсіз, алайда оған жүргізілетін жұмыстар туралы хабарлай отырып жүргізіледі;
      Көрсетілген жұмыстарлан кейін жылу торабын басқарушы ұйымдар жер учаскелерін бастапқы жағдайға келтіреді.
      Жол жабындарының бұзылуына әкелетін жылу кабель желілеріне жөндеу жұмыстарын және қайта орнату бойынша жоспарлы жұмыстар қарамағында автокөлік жолдары бар ұйымдар және Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен алдын ала талаптарды келіскен соң жүргізіледі. Жұмыстарды жүргізу талаптары жұмысты бастағанға дейін үш тәуліктен кешіктірмей келісіледі.
      18. Жылу беру көздері мен жылу тасымалдау тораптарын пайдалану және онда жүргізілетін жөндеу жұмыстары қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Жылу беру көздері мен жылу тораптарын реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары жылу беру маусымдары аралығында ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісілген жұмыстарды жүргізу кестесі бойынша жасалады.
      20. Жылумен қамсыздандыру көздері мен жылу тораптарын жоспарлы жөндеу, сондай-ақ жылу тораптарын сынау ауданның және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі.
      21. Жылумен қамсыздандыру көздері мен жылу пунктерінде жұмыстар келесідей мерзімдерде орындалуы қажет:
      1) күзгі кезеңде жылу беру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстар – жыл сайын 1 қыркүйекке дейін;
      2) қысқы ең көп жүктемені өту кезеңіндегі жылу беру қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті жұмыстар –жыл сайын 1 қазанға дейін.
      Жылумен қамсыздандыру көздерін қамтамасыз ететін электр, су құбыры, газ коммуникациясын жөндеу және алдын алу бойынша жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
      22. Резервті отын шаруышылығын жоспарлы-алдын алу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады.
      23. Күзгі-қысқы кезеңде меншік формасына қарамастан энергетика көздеріндегі отынның пайдалану қорының нормасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
      24. Жылу тұтынушы қондырғыларды пайдалануға рұқсат беру кезінде келесілер ескеріледі:
      1) жаңадан қосылған және реконструкцияланған барлық жылу тұтыну жүйелері энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісілген жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады;
      2) пайдалануға беру және әрбір жылу беру маусымы алдында жылу тұтыну қондырғылары қабылдау-тапсыру сынағынан (техникалық әзірлік актісінде қарастырылған техникалық) өтеді.
      Жылуды тұтыну жүйесін пайдалануға рұқсат тұтынушыда Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылы 31 наурыздағы №253 бұйрығымен бекітілген электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 тіркелген) сәйкес тиісті персоналдың және жылу тұтыну қондырғылардың сенімді және қауіпсіз жұмысына жауапты адамның немесе жылу тұтыну жүйелері мен жылу тұтыну қондырғыларын пайдалануға рұқсат берілген персоналы бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге жасасқан шарт болған кезде беріледі.
      25. Жылу тораптарының құбырлары монтаждау және күрделі жөндеу және реконструкциялаудан кейін тазаланады.
      26. Электр станциясы, жылу тораптары мен электр энергетикалық кәсіпорындардың электр желілерінің қысқы кезеңде жұмысқа дайындығын бағалау Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10516 тіркелген) аясында айқындалады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облыстық мәслихатының 10.03.2021 № 7С-2-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      27. Салынған қазандықтар, жылу тораптары, орталық жылу пунктері, сусорғы станциялары, тапсырыс берушілер (тұтынушылар) мен жылумен қамсыздандыру ұйымдары пайдалануға қабылдамаған жаңа үйлердің орталық жылу беру жүйесін жылу беру маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді.
      28. Тұтынушылардың инженерлік жүйесін жылу беру маусымына дайындау бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар тізбесі:
      1) инженерлік тораптарды пайдалануға жауапты білікті маманды тағайындау;
      2) техникалық құжаттаманың толық пакетін дайындау;
      3) бақылау-өлшеу құралдары мен коммерциялық есептеу құралдарын тексеру;
      4) жертөле және шатырдың асты шегінде жылумен қамсыздандырудың барлық құбырларын және ыстық суды оқшаулауды орындау;
      5) кіреберістер мен жертөлелердің есіктерін жөндеу;
      6) шатырлар мен жертөлелелердің терезелерін жабу;
      7) баспалдақ алаңындағы терезелерді екі қабат шынымен қаптау;
      8) баспалдақ алаңын жылытуды қапына келтіру және іске қосу,
      9) тұрғындардың пәтерлерді жылытуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      10) жылу беру пунктін жөндеу; ақтау, сырлау, қажетті жарықпен және сенімді жабылуын қамтамасыз ету;
      11) сыртқы су құбыры мен арматураның жылу сақтауын қалпына келтіру;
      12) жылу пайдаланушы қондырғылардың орнатылған ілмекті, реттеуші арматурасын тексеру және жөндеу;
      13) техникалық термомертлерді тексеру, гильзаны тазалап, техникалық май құю;
      14) жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін жылу тұтыну жүйелерінің элементтерін механикалық тазалаумен гидропневматикалық шаю;
      Тұтынушының жылумен қамсыздандыру және (немесе) жылу беруші ұйымның өкілі қараған кезде ағындағы судың түсі құйылатын судың түсімен сәйкес келген кезде шаю аяқталды деп саналады;
      15) жөндеу іс-шараларын өткізу;
      16) пломбаланған, тексерілген маномертрлерді орнату;
      17) барлық элементтердің жылу тұтыну жүйелерін механикалық беріктігін және гидравликалық тығыздығын (гидравликалық қысыммен тексеру) гидравликалық сынау;
      18) ғимараттардың (үйлердің) электр сымдарының оқшаулауға қарсылығын тексеру.
      29. Инженерлік коммунаикация транзитті өтетін жертөлелерді жалға алушы немесе иесі пайдаланушы ұйым персоналының инженерлік тораптарды жөндеу және олар бойынша қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу үшін (тәуліктің кез-келген уақытында апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін) қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
      30. Жұмыстар орындалғаннан кейін жылу тұтыну жүйесін жылумен қамсыздандыру ұйымы қабылдайды және осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес техникалық әзірлік актісімен ресімдейді.
      Техникалық әзірлік актісі бойынша қабылданбаған жылу тұтыну жүйесі жылу беру маусымына дайын емес деп саналады және қайта техникалық тексеруге жатады.
      Жылумен қамсыздандыру ұйымы ресімдеген объектінің техникалық әзірлік актісіз жылу тұтыну жүйесін іске қосуға рұқсат берілмейді.
      31. Энергиямен жабдықтау және (немесе) энергия беруші ұйымның қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылумен қамсыздандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, тұтынушыларды жылумен қамсыздандыру жүйесінің жылу энергиясына қосуға рұқсат берілмейді.
      Тұтынушылық қасиеттері мен жылу энергиясын беру режимі жоспарлы жөндеуді, апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын қоспағанда тұтынушы жылу беру маусымына дайындық бойынша іс-шаралар кешенін орындап, энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйым берген техникалық әзірлік актісін ресімдеу және сараптама ұйымының қорытындысын алған жағдайда қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес болады.

3. Жылумен қамсыздандыру жүйесін сынамалау

      32. Жылумен қамсыздандыру көздеріжылу тораптарының жылу беру маусымына дайындығын тексеру және жасырын ақауларды анықтау үшін жылумен қамсыздандыру жүйесі сынамалаудан өтеді.
      33. Жылу көздері жабдықтарын қосу мен ғимараттарды (үйлерді) жылуға қосу келесі тәртіппен жүргізіледі:
      Жылу көздері мен ғимараттарды қосу үшін:
      1) бірінші тәулікте:
      жылу беру көздерінде жылумен қамсыздандыру жабдығының сызбасын жинау, жабдықтарды қайта іске қосу және сынамалау, бак-аккумуляторларды максималды толтыру, жылу тораптары құбырларының сумен толтырылуы және құламалы және керісінше қысымдағы қалпы, су айналысын белгілеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
      Үйішілік жүйелерде арматураның іске қосу қалпын анықтау, тасымалдаушы су құбыры мен жылумен қамсыздандыру жүйесін сумен толтыру, сенімді бақылау-өлшеуіш құралдар мен регуляторлардың болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізіледі;
      2) Екінші тәуліктен бастап қатаң кестеге сәйкес ғимараттарды қосу жүргізіледі.
      34. Магистралдік және тарату жылу тораптарын іске қосу мен сынамалауды іске қосу-жөндеу бригадасы жүргізеді.
      Іске қосылғанға дейін іске қосылатын торап учаскесінің жабдығы тексеріледі, сынақ, шаю, қабылдау актілері қаралады.
      35. Жылу тораптары бойынша сынамалау үдерісінде анықталған ескертулер жылу беру маусымының басталуына дейін жойылады.

4. Жылу маусымын өткізу

      36. Жылумен қамсыздандырушы ұйымдарға 1 қыркүйекке дейін қала мен ауданның жергілікті атқарушы органымен сынамалау, жылумен қамсыздандыру жүйесін қосу кестесі мен гидравликалық және температуралық параметрлерінің есептеу кестелерін келісу ұсынылады. Жылу тораптарының құбырлары тұтынушыларына берілген кестеге сәйкес белгіленген параметрлер жылу тасымалдағышын (су және бу) беруді қамтамасыз етеді.
      Қосу кестелерінде тұтынушылар келесі кезекпен қосылады:
      1) балалар, емдеу және мектеп мекемелері және басқа да оқу орындары;
      2) тұрғын ғимараттар, қонақ үйлер, жатақханалар;
      3) қоғамдық және тұрмыстық ғимараттар, театрлар, мәдениет үйлері, әкімшілік ғимараттар, өндірістік кәсіпорындар және басқа да ғимараттар.
      Бір уақытта толтырылатын үйішілік жүйелердің санын анықтау кезінде жылумен қамсыздандыру көздерінің шаруашылық-ауызсумен қамтамасыз етілуін, судың дайындық өндірісін және қуат беруші қондырғыларды ескеру қажет.
      37. Барлық ғимараттар (үйлер) қосылғаннан кейін пайдаланушы ұйымдар жабдықтың жағдайын тексереді және үйішілік жүйелерді бастапқы реттеуді жүргізеді.
      38. Пайдалану кезінде анықталған жылумен қамсыздандыру көздері, жылу тораптаы және үйішілік жүйелірдің жұмысындағы кемшіліктер жылу беру маусымына дейін жойылады.
      39. Жылу беру маусымы кезінде жылумен қамсыздандырушы ұйым жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызмет көрсету шартына сәйкес
      1) барлық тұтынушылар үшін жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызмет көрсетудің тең шарттарын;
      2) жылу тораптарының баланстық тиістілігі бөлігінің шегінде Шартта белгіленген жылу энергиясының параметрлерін ұстануды;
      3) тұтынушымен жылу энергиясын беру және (немесе) таратуға шарт жасасуды;
      4) тұтынушыға Шартта белгіленген тиісті сапада, тәртіпте және мерзімде жылу энергиясын беру және (немесе) тарату бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
      40. Жылу беру маусымы басталғаннан кейін:
      1) хабарлау сызбасы нақтыланады, тұрғын үй-коммуналдық объектілері мен энергетикалық кешеннің жауапты қызметкерлерінің кезекшілігі қойылады;
      2) кәсіпорындарда апаттық-қалпына келтіру бригадаларының дайындығы жүргізіледі;
      3) ғимараттарды (үйлерді) пайдаланушы ұйым персоналы қайта-қайта қарап шығуды және жылу тасығыш жүйесінің жұмысы мен ғимараттың жылытылуын бақылауды ұйымдастырады;
      4) жылумен қамсыздандыру көздерінде резервті апаттық жабдықтың жұмысы, негізгі және резервті отынның, құрал-жабдықтардың, материалдар мен қосалқы бөлшектердің болуы тексеріледі.
      41. Жылу беру көзі мен жылу тораптарында апаттық жағдай жарияланған кезде:
      1) тұрғын үй-коммуналдық объектілері мен энергетикалық кешеннің барлық объектілерінде тәуліктік кезекшілік жүргізіледі;
      2) қала (аудан) әкімінің нұсқауымен кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық жағдайда пайдалануға арналған механизмдермен, материалдармен қамтамасыз етілген көмекші апаттық-қалпына келтіру бригадасына күшейтілген дайындық жүргізіледі.
      42. күшейтілген және күтілмеген режим кезінде ғимаратты (үйді) пайдаланушы ұйым персоналының қажетті іс-шаралар мен әрекеттер тісті іс-шараларда көрсетіледі.

5. Жылу беру маусымын аяқтау және жылу беру маусымы аралығында ыстық сумен қамсыздандыру

      43. Жыл сайын жылу беру маусымының аяқталуын қолданыстағы санитарлық нормалары мен Қағидаларын есепке алып, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің нұсқауымен жарияланады.
      44. Жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін ғиараттарды (үйлерді) пайдаланушы ұйымдар орталы жылу беру жүйесін ажыратады және жазғы схема бойынша ыстық сумен қамсыздандыру жүйесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
      45. Жылу беру маусымдары аралығында жылумен қамсыздандырушы ұйымдар бекітілген жылу беру көздері мен жылу беру тораптары жабдықтарының жұмыс схемасы бойынша тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етеді. Су бөлетін нүктелерге (кран, араластырғыш) берілетін судың температурасы техникалық және санитарлық нормалардың талаптарына сай.
      Ыстық су беруді жылумен қамсыздандыру көздерінде ыстық сумен қамсыздандыру қондырғыларын жөндеу, элеваторлық түйіндерді, автоматтандырылған жылу пунктерін және үйішілік жүйелерді дайындау үшін тоқтату жергілікті атқарушы органдармен келісілген кестелерде белгіленген мерзімінен аспауы қажет.
      46. Жылу тораптарын, жылу беру пунктерін және жылу тұтыну жүйелерін жөндеуді 1 қыкүйекке дейін жүргізу ұсынылады. Ыстық сумен қамсыздандыруды тоқтатумен байланысты жөндеу жүргізудің ұсынылған мерзімі – күнтізбелік 14 күн.

  Ақмола облысында
жылу беру маусымына
дайындық және оны өткізу
қағидаларына
қосымша

20__ –20__жылдары жылу беру кезеңіне тұтынушының жылу желілері мен жылытатын қондырғылары

      жылу беру кезеңіне техникалық дайындығы
      актісінің нұсқасы

      Елді мекеннің атауы
      __________________________________________________________________________
      Тұтынушының атауы
      __________________________________________________________________________
      Объект мекен-жайы
      __________________________________________________________________________
      Энергоресурстар беруге келісімнің №
      __________________________________________________________________________
      Заңды мекен-жайы
      _________________________________________________________________________
      Басшының А.Т.Ә.
      __________________________________________________________________________
      Байланыс телефоны
      __________________________________________________________________________
      Жылу беру шаруашылығының жалпы жағдайына жауапты
      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә., лауазымы, қызметтік, ұялық телефоны)

      Жылу энергиясын есептеу аспаптары
      __________________________________________________________________________
      20___жылы " " қарағанда берешектері болуы
      __________________________________________________________________________
      20___жылы " " қарағанда максималдық-сағаттықжылу жүктемелері
     

р/к
Объект атауы, мекен-жайы Келісім-шарт бойынша жүктемелер, Ккал/сағ 20__ – 20___жылдары, жылу беру кезеңінде ағытылған жүктемелер Ккал/сағ.
жылыту ыстық су желдету жылыту ыстық су желдету

















      Жылуға қосу нүктелері саны_______________________________________________________
      Жылу тораптары саны_____________________________________________________________
      Жылу беру қондырғыларын реттеу қызметінің ескертулері: _____________________________
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Пайдалану қызметтерінің ескертулері:_______________________________________________
      __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Үй ішілік жылу жүйесі және ыстық сумен жабдықтау жүесі бойынша ескертулер:______________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ЕСКЕРТУ: Жылумен қамту жүйелерін жұмысқа енгізу тек қана рәсімделген 20__ –20__жылдары жылу беру кезеңінетұтынушының жылу желілері мен жылытатын қондырғылары жылу беру кезеңіне техникалық дайындығы актісі болғанда жүргізіледі.
      Тұтынушы өкілі
      ________________________________________________________________________________
      (А.Т.Ә., қолы)
      Жылумен жабдықтаушы ұжымның өкілі
      ________________________________________________________________________________
      (А.Т.Ә., қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады