Астрахан ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 тамыздағы № 6С-8-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 қазанда № 5558 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 6С-31-7

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 09.02.2018 № 6С-31-7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Астрахан ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Д.Сағадатов
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      26.08.2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады