Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 шілдедегі № 6ВС-5-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 тамызда № 5493 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 6С-21-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 16.03.2018 № 6С-21-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Жақсы ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жақсы аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Б.Жанәділов
      Жақсы аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанәділов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков

      2016 жыл "21" 07

      "Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер

комитеті Ақмола облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Жақсы ауданы бойынша Мемлекеттік

кірістер басқармасы" Республикалық

мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т.Коваленко

      2016 жыл "21" 07

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады