Зеренді аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 "Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 2-10 шешімі. Ақмола облысының Әділет Департаментінде 2016 жылғы 22 сәуірде № 5309 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қарашадағы № 13-87 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 19.11.2021 № 13-87 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Зеренді аудандық мәслихаттың "Зеренді ауданының жерлерін аймақтарға бөлу схемасын және жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) пайыздарын бекіту туралы" 2013 жылғы 6 наурыздағы № 12-109 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3702 тіркелген, 2013 жылғы 19 сәуірде "Зерделі–Зеренді", "Зерен" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің 1 тармағындағы "және ауыл шаруашылығына арналған" сөздері алынып тасталсын;
      шешімнің 1 тармағындағы "1, 2 қосымшаларына" сөздері "1 қосымшасына" сөздеріне ауыстырылсын;
      шешімнің 2 тармағындағы "Автотұраққа (паркингке), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда" сөздері алынып тасталсын;
      шешімнің 2 қосымшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Э.Халелова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Зеренді ауданының әкімі А.Мұратұлы

      2016 жылғы "4" сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады