Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № А-2/149 "Целиноград ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-2/468 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 желтоқсанда № 5628 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Целиноград ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі № А-2/149 "Целиноград ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5316 тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Ақмол ақпараты" және "Вести Акмола" аудандық газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген Целиноград ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. К. Айткужиноваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Целиноград ауданының әкімі М.Тәткеев

  Целиноград ауданы әкімдігінің
№ А-2/468 қаулысына
қосымша
  Целиноград ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "5" сәуірдегі
№ А-2/149 қаулысымен
бекітілген

Целиноград ауданы бойынша 2016 жылға арналған
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1
Балабақша

2196

4223

23869,7

23869,7

2
Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық

378

0

8896,1

0

      кестенің жалғасы:

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдардағы бір айға ата-ананың төлем мөлшері (теңге)

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

23869,7

23869,7

11000

16000

8896,1

0

0

0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады