"Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 366 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 488 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 5150 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 366 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4561 тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 366 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 443 қаулысы жойылсын.
      3. "Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады