Ырғыз ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 223 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5194 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 20.06.2022 № 129 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ырғыз ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. ЕЛЕУСІЗОВ

  Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 223 қаулысына қосымша

Ырғыз ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Ауылдардың атауы

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды (павильондарды) орналастыру орындары

Ырғыз ауылдық округі

1

Ырғыз

Темірбек Жүргенов көшесіндегі №30 үйінің алдында

2

Ақши

Жолболсын Шайқақов көшесіндегі №6 А үйінің алдында

3

Қалыбай

Мейірхан Жүсіпов көшесіндегі №3 үйінің алдында

Құмтоғай ауылдық округі

4

Құмтоғай

Жалпы Ордабаев көшесіндегі №13 үйінің алдында

5

Қарасай

Дәуренбек Сарин көшесіндегі №11 үйінің алдында

6

Қарақұдық

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесіндегі №2 үйінің алдында

Қызылжар ауылдық округі

7

Құрылыс

Қонқан Құлмырзин көшесіндегі №24 үйінің алдында

8

Жаныс би

Достық көшесіндегі №32 үйінің алдында

9

Шеңбертал

Астананың 10 жылдығы көшесіндегі №12 үйінің алдында

Нұра ауылдық округі

10

Нұра

Темірбек Жүргенов көшесіндегі №57 үйінің алдында

11

Мамыр

Әбу бақсы көшесіндегі №32 үйінің алдында

12

Дүкен

Күркебай Рспанбетов көшесіндегі № 1 үйінің алдында

13

Белшер

Серік Сатанов көшесіндегі №20 үйінің алдында

Тәуіп ауылдық округі

14

Құйлыс

Әйтеке би көшесіндегі №3 үйінің алдында

Аманкөл ауылдық округі

15

Кұтикөл

Пішен Төрегелдин көшесіндегі №5 үйінің алдында

16

Аманкөл

Айқын Қантайұлы көшесіндегі №21 үйінің алдында

17

Жарма

Төлеу Манасов көшесіндегі №2 үйінің алдында

Жайсаңбай ауылдық округі

18

Жайсаңбай

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 20 жыл көшесіндегі №11 үйінің алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады