2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 наурыздағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 4842 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 26.08.2016 № 37 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2016 жылға Қобда ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен бір жолғы 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Аудандықмәслихаттың хатшысы
      Г.БАЛГАРИНА Ж.ЕРҒАЛИЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады