"Алтықарасу селосындағы көше атауын өзгерту туралы" 2010 жылғы 20 қазандағы № 12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 17 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда № 5098 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Респуликасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 12 мемлекеттік тіліндегі "Алтықарасу селосындағы көше атауын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-10-135 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 қарашада "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосындағы" сөздері "ауылдық", "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады