"Шектеу іс-шараларын алу және 2016 жылғы 14 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданы Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 23 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 қаңтарда № 5196 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 20 қазандағы № 14-01/299 ұсынысы негізінде Алтықарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Алтықарасу ауылдық округінің "Ақтоғай" қыстағындағы "Дәурен" қожалығы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасынан бруцеллез ауруына жоспарлы ветеринарлық сауықтыру жұмыстарының атқарылуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамыздағы "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Алтықарасу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 21 "Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы" шешімі жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Алтықарасу ауылдық округінің әкімі М. Шуиншалин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады