Талдықорған қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы № 24 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 15 маусымда № 3890 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 451 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 24.11.2020 № 451 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдықорған қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 15 сәуірдегі "Талдықорған қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 14 мамырында № 3165 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2015 жылдың 22 мамырындағы № 23 (1333) жарияланған) № 311 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Ш. Мұхаметжан) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық мәслихатының
      кезектен тыс IV сессиясының төрағасы Б. Оңғарбаев
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Қ. Бұлдыбаев

  Талдықорған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 20 мамырдағы "Талдықорған қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 24 шешіміне қосымша

Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      5) мемлекеттік корпорация - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Талдықорған қалалық бөлімі;
      6) портал – "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы;
      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;
      8) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Талдықорған қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      5. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысының сегіз пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегі:
      1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғынжайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтылған отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) мемлекеттік корпорацияға немесе порталға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген керекті құжаттарды ұсынады.
      8. Өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген мерзімдерде қаралады.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар күнтізбелік он бес күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе оның мөлшеріне әсер ететін
      мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегін алу құқығына немесе мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған фактісі бойынша).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуы тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес есептеледі.
      11. Өтемақы төлемдерiмен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үйлер аумағының нормалары заңнамамен белгiленген отбасының әр мүшесiне тұрғын үй беру нормаларына баламалы.
      12. Коммуналдық қызметті тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметті) реттеу бойынша аумақтық уәкілетті орган қолданатын, олармен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) белгілеген кездегі коммуналдық қызметтерді босату нормаларына баламалы.
      13. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін қызмет көрсету мекемелері ұсынады.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда келесі нормалар ескеріледі:
      1) газ тұтыну–пешпен жылытатын тұрғын үйде тұратын отбасыларына – отбасына айына 10 килограмм (1 кішкене баллон), көп пәтерлі тұрғын үйде тұратын отбасыларына орталықтандырылған газбен жабдықтау болған жағдайда - нақты шығындар бойынша, айына әр отбасы мүшесіне 4,8 килограммнан, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін 20 килограммнан аспайтындай, есептеу құралдары болған жағдайда көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
      2) электр энергиясын тұтыну: 1 адамға - бір айға 70 киловатт, 4 және одан да көп адамы бар отбасы үшін – бір айға 250 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасы – әр отбасы мүшесіне, есептеу құралдары болған жағдайда – көрсеткіштері бойынша, бірақ қолданыстағы нормалардан аспауы керек;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр отбасы мүшесіне 70 теңге;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты;
      6) қатты отынды тұтынушылар үшін: пешпен жылытатын тұрғын үйлерге – жылыту маусымына 3 тонна көмір.
      15. Қатты отынның құнын есептегенде аймақта өткен тоқсанда қалыптасқан орташа баға ескеріледі.

3. Қаржыландыру және төлеу

      16. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру қала бюджетімен тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      17. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырады.

4. Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Талдыкорган

Решение Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 20 мая 2016 года № 24. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 15 июня 2016 года № 3890. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 24 ноября 2020 года № 451

      Сноска. Утратило силу решением Талдыкорганского городского маслихата Алматинской области от 24.11.2020 № 451 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства", Талдыкорганский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Талдыкорган согласно приложению к настоящему решению.
      2. Признать утратившим силу решение Талдыкорганского городского маслихата от 15 апреля 2015 года № 311 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Талдыкорган" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 14 мая 2015 года № 3165, опубликованного в газете "Талдыкорган" от 22 мая 2015 года № 23 (1333)).
      3. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния города Талдыкорган" (по согласованию Ш. Мухаметжан) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе городского маслихата.
      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата "По вопросам социальной защиты, соблюдению законности, защиты окружающей среды и прав граждан".
      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      ІV сессии Талдыкорганского городского маслихата Б. Онгарбаев
      Секретарь Талдыкорганского
      городского маслихата К. Булдыбаев

  Приложение к решению Талдыкорганского городского маслихата от 20 мая 2016 года № 24 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Талдыкорган

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" (далее - Стандарт) и определяет размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

1. Общие положения

      1. В настоящих размерах и порядках оказания жилищной помощи используются следующие основные понятия:
      1) доля предельно - допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;
      2) совокупный доход семьи (гражданина) - общая сумма доходов семьи (гражданина) за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи;
      3) орган управления объектом кондоминиума – физическое или юридическое лицо, осуществляющее функции по управлению объектом кондоминиума;
      4) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости, социальных программ и регистрации актов гражданского состояния города Талдыкорган" осуществляющее назначение жилищной помощи;
      5) государственная корпорация - Талдыкорганский городской отдел Департамента "Центр обслуживания населения" - филиал некоммерческого акционерного общества "Государственная Корпорация "Правительство для граждан" по Алматинской области;
      6) портал - веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz;
      7) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума - обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, на приобретение, установку, эксплуатацию и проверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также на накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;
      8) малообеспеченные семьи (граждане) - лица, которые в соответствии с жилищным законодательством Республики Казахстан имеют право на получения жилищной помощи.
      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Талдыкорган на оплату:
      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимися собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      3. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      4. Жилищная помощь, оказывается, по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.
      5. Доля предельно-допустимого уровня расходов устанавливается к совокупному доходу семьи в размере восьми процентов.
      Жилищная помощь не назначается:
      1) безработным, не зарегистрированным в уполномоченных органах по вопросам занятости и трудоспособным гражданам Республики Казахстан, письменно отказавшимся от участия в активных мерах содействия занятости, кроме инвалидов и лиц, в период их нахождения на стационарном лечении более одного месяца, учащихся, студентов, слушателей, курсантов и магистрантов очной формы обучения, а также граждан, занятых уходом за инвалидами І и ІІ группы, лицами старше восьмидесяти лет, детьми в возрасте до семи лет;
      2) безработным, без уважительных причин отказавшимся от предложенного уполномоченным органом трудоустройства, в том числе на социальное рабочее место или общественную работу, от профессиональной подготовки, переподготовки, повышение квалификации, самовольно прекратившим участие в таких работах и обучении.

2. Размер и порядок оказания жилищной помощи

      6. Расчетным периодом для назначения жилищной помощи считается квартал года, в котором подано заявление со всеми необходимыми документами.
      Малообеспеченные семьи (граждане), имеющие в частной собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающие жилые помещения в наем или аренду, теряют право на получение жилищной помощи.
      7. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) в Государственную корпорацию или портал предоставляет необходимые документы, указанные в пункте 9 Стандарта.
      8. Заявления рассматриваются в установленном законодательством Республики Казахстан сроки.
      9. Получатели жилищной помощи в течении пятнадцати календарных дней извещают уполномоченный орган об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер.
      В случаях, когда заявитель своевременно не известил об обстоятельствах, влияющих на право получения жилищной помощи или ее размер, перерасчет производится в следующем квартале (по факту обнаружения).
      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном порядке, а в случае отказа - в судебном порядке.
      10. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи рассчитывается в соответствии с действующим законодательством.
      11. Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными выплатами, эквивалентны нормам предоставления жилья на каждого члена семьи, установленным законодательством.
      12. Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при установлении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.
      13. Тарифы потребления коммунальных услуг предоставляются поставщиками услуг.
      14. При назначении жилищной помощи учитываются следующие нормы:
      1) потребление газа – семьям проживающим в жилом доме с печным отоплением - 10 килограмм (1 маленький баллон) в месяц на семью, семьям проживающим в многоквартирном жилом доме при наличии центрального газоснабжения – по фактическим расходам, 4,8 килограмм на каждого члена семьи, для семьи из 4-х и более человек не превышающий 20 килограммов в месяц, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;
      2) потребление электроэнергии: на 1-го человека - 70 киловатт в месяц, для семьи из 4-х и более человек - 250 киловатт в месяц;
      3) нормы на водоснабжение – на каждого члена семьи, при наличии приборов учета по показаниям, но не выше действующих норм;
      4) вывоз твердых бытовых отходов - 70 тенге на каждого члена семьи в месяц;
      5) на содержание жилого дома (жилого здания) согласно счета о размере целевого взноса;
      6) для потребителей твердого топлива: на жилые дома с печным отоплением - 3 тонны угля на отопительный сезон.
      15. При расчете стоимости твердого топлива учитывается средняя цена сложившаяся за предыдущий квартал в регионе.

3. Финансирование и выплата

      16. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом города на соответствующий финансовый год.
      17. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня.

4. Заключение

      18. Отношения, не урегулированные настоящим размером и порядком оказания жилищной помощи, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.