Талдықорған қаласы аумағындағы стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 45-727 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 1 қарашада № 3989 болып тіркелді. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қазандағы № 756 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 13.10.2023 № 756 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) және 3) тармақшаларына, 27-бабына сәйкес, қала аумағындағы сауда қызметін реттеу мақсатында, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аслан Нұрмұхамбетұлы Нұрмұхамбетов осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Нурлан Маликович Мамбетжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлектеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы А. Тұтұбаев

  Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "26" қазандағы № 45-727 қаулысымен бекітілген қосымша

Талдықорған қаласының аумағында стационарлы емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      1. Абылайхан көшесі, № 117
      2. Абылайхан көшесі, № 117 "А"
      3. Абылайхан көшесі, № 120
      4. Абылайхан көшесі, № 120 "А"
      5. Ж.Балапанов көшесі, № 18/5
      6. Ж.Балапанов көшесі, № 4/3
      7. Еркін ауылдық округі, Еркін ауылы, "Көктал" тұрғын үй алабы, Сейфуллин көшесі № 1 "Б"
      8. "Мүшелтой" шағын ауданы, № 19 "А"
      9. Талдықорған-Алматы трассасы № 1/5
      10. Тәуелсіздік көшесі, № 2 "В"
      11. Тәуелсіздік көшесі, № 2 "Г"
      12. "Восточный" шағын ауданы, Степанов Борис Валерьевич көшесі, № 1
      13. "Қаратал" шағын ауданы, № 44 "Г"
      14. "Қаратал" шағын ауданы, № 47 "Б"

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады