Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 53 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 12 ақпанда № 3705 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 6-тармақтарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қапшағай қалалық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес берілсін.
      3. "Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ғ. Әбдішүкірұлына жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Кикимов

  Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "02" ақпандағы "Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 53 қаулысына 1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Қапшағай қаласы бойынша:
      1) Абай және Қойшыманов көшелерінің қиылысындағы тұғыр;
      2) Жамбыл көшесіндегі қалалық мешіттің аялдамасы жанындағы тұғыр;
      3) Абай көшесіндегі № 1 үй жанындағы тұғыр.
      2. Заречный ауылдық округі бойынша:
      1) Заречный ауылы, Дзержинский көшесі, ауылдық клуб алдындағы тақта;
      2) Заречный ауылы, Мира көшесіндегі № 16 үй жанындағы тақта;
      3) Заречный ауылы, Дзержинский көшесіндегі № 5 үй жанындағы тақта;
      4) Арна ауылы, Центральная және Первомай көшелерінің қиылысындағы тақта;
      5) Арна ауылы, Центральная және Школьная көшелерінің қиылысындағы тақта.
      3. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
      1) Шеңгелді ауылы, Бражников көшесі, пошта ғимараты алдындағы тақта;
      2) Қосқұдық бекеті, темір жол диспетчерлік қызметінің оңтүстік бөлігіндегі тақта;
      3) Ақөзек ауылы, ауылдық мектеп ғимаратының алдындағы тақта;
      4) Кербұлақ ауылы, Молодежная көшесі, ауылдық дәрігерлік амбулаториясының алдындағы тақта;
      5) Сарыбұлақ ауылы, Ленин көшесі № 1, фельдшерлік пункттің алдындағы тақта.

  Қапшағай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "02" ақпандағы "Қапшағай қаласында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы" № 53 қаулысына 2-қосымша

Сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде кандидаттарға берілетін үй-жайлар

      1. Қапшағай қаласы бойынша:
      1) Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі № 13, мәдениет үйінің акті залы.
      2. Заречный ауылдық округі бойынша:
      1) Заречный ауылы, Дзержинский көшесі № 3 а, № 12 орта мектебінің акті залы;
      2) Арна ауылы, Школьная көшесі, № 11 орта мектебінің акті залы.
      3. Шеңгелді ауылдық округі бойынша:
      1) Шеңгелді ауылы, Бақтыбай ақын көшесі № 7, мәдениет үйінің акті залы;
      2) Қосқұдық бекеті, Алтынсарин көшесі № 17, № 9 орта мектебінің акті залы;
      3) Ақөзек ауылы, ауылдық клубтың залы;
      4) Кербұлақ ауылы, Бақтияр көшесі, № 7 орта мектебінің акті залы;
      5) Сарыбұлақ ауылы, Талғар көшесі № 1, № 8 орта мектебінің акті залы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады