КазЦИК ауылдық округінің КазЦИК ауылындағы жаңа көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 29 қыркүйекте № 3971 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, КазЦИК ауылдық округінің КазЦИК ауылы халқының пікірін ескерте отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, КазЦИК ауылдық округ әкімінің міндетің атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. КазЦИК ауылдық округінің КазЦИК ауылының жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Атамекен", екінші көшеге "Бейбітшілік";
      2) солтүстік-батысында орналасқан үшінші көшеге "Жібек жолы", төртінші көшеге "Астана", бесінші көшеге "Жеңіс", алтыншы көшеге "Жетісу", жетінші көшеге "Бәйтерек", сегізінші көшеге "Тәуелсіздік", тоғызыншы көшеге "Бірлік", оныншы көшеге "Береке";
      3) оңтүстік-шығысында орналасқан он бірінші көшеге "Болашақ", он екінші көшеге "Желтоқсан", он үшінші көшеге "Нұрлы", он төртінші көшеге "Ақбұлақ", он бесінші көшеге "Жайнақ";
      2. КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары Айсулу Есенқызы Италмасоваға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметтік айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары Айсулу Есенқызы Италмасоваға жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      КазЦИК ауылдық
      округ әкімнінің
      міндетін атқарушы А. Жасымбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады