Талды ауылдық округінің Еңбекші ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 46 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 23 желтоқсанда № 4032 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Талды ауылдық округінің Еңбекші ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талды ауылдық округінің Еңбекші ауылындағы Жаңалық көшесі Сатыбалды Оразбаев көшесі деп қайта аталсын.
      2. Панфилов ауданы Талды ауылдық округі әкімінің орынбасары Сейтакунова Нургуль Оразовнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет - ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі Ж. Наймантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады