"Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 37-4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 49-5 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 3019 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 13 мамырдағы № 46-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Меркі аудандық мәслихатының 13.05.2019 № 46-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

      1. "Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Меркі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 37-4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2620 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 48-49 аудандық "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетіне жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Меркі ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      7 тармағының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (күйеулеріне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерімен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;"

      8 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "- әлеуметтік мәні бар ауру – туберкулез бойынша әлеуметтік көмек "Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің тізіміне сәйкес диспансерлік есепте тұратын туберкулездің төзімді түрімен ауыратын, амбулаторлық емделуде жүрген адамдарға (отбасыларға) 6 (алты) ай мерзіміне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      - көптеген дәрілік заттарға төзімді туберкулезбен ауыратын (IV топ) адамдарға (отбасыларға) амбулаториялық емін алу кезеңінде 12 (он екі) ай мерзіміне, ай сайын, 12 372 (он екі мын үш жүз жетпіс екі) теңге көлемінде;"

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысының міндетін атқарушы
      Н. Қойшыманова Б. Иманбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады