Тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі №245 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 шілдеде № 3133 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мойынқұм ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі 40 теңге болып бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес ауылдық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруде бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Тұрарханұлы Естаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы М. Естаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Мойынқұм аудандық
      Мәслихатының хатшысы
      Ш.Исабеков
      "13" 07 2016 жыл

  Мойынқұм ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 13 шілдедегі №245
қаулысына қосымша

Ауылдық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруге бірқатар санаттағы тұлғаларға жеңілдіктер

      1. Ауылдық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) тегін жүруге
      төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
      - Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
      - I топтағы мүгедектердің барлығына;
      - II топтағы зағип мүгедектер;
      - көп балалы аналар "Алтын алқа", "Күміс алқа", "Батыр ана", "I-ші дәрежелі Даңқты аналар", "II-ші дәрежелі Даңқты аналар";
       - Жамбыл облысының және Мойынқұм ауданының құрметті азаматтары, облыс және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері;
      - Ауған соғысының, Чернобыль Атом электростанциясы апатын жоюға қатысушылары мен мүгедектері және олардың жесірлері.
      2. Ауылдық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге төмендегі санаттағы тұлғалардың құқығы бар:
       - бастауыш және жоғарғы сынып оқушыларына (1-11 сынып) - 20 теңге;
       - арнайы орта оқу орнының студенттеріне - 30 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады