Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 желтоқсанда № 3242 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімінің 24.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 қаулысына сәйкес, Шу ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2016 жылғы 4 қарашадағы № 6 хаттамасы негізінде, Шу ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Н. Жақсыбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      атқарушы Н. Жақсыбаев

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба

Решение акима Шуского района Жамбылской области от 21 ноября 2016 года № 4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 5 декабря 2016 года № 3242. Утратило силу решением акима Шуского района Жамбылской области от 24 февраля 2017 года № 1

      Сноска. Утратило силу решением акима Шуского района Жамбылской области от 24.02.2017 № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 3 статьи 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года №756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола заседания комиссии Шуского района по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций от 4 ноября 2016 года №6, аким Шуского района РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории Шуского района Жамбылской области.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Жаксыбаева Н. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
      акима района Н. Жаксыбаев