Көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 18 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 ақпанда № 2950 болып тіркелді

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Төле би ауылындағы Саттар Естемесов көшесіне солтүстік жағынан қатарлас жатқан Саттар Естемесов көшесінің атауы Шолпанқұл Ибрагимұлы болып өзгертілсін.
      Төле би ауылындағы Жауғаш батыр көшесіне шығыс жағынан қатарлас жатқан Жауғаш батыр көшесінің атауы Әбдамит Омарбекұлы болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Төле би ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Асатовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Төле би ауылдық
      округінің әкімі Е. Даберов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады