Қарағанды облысының жетекші спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 39/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 маусымда № 3874 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 84/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 26.12.2017 № 84/03 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес ай сайын ақшалай үлес төленсін (бұдан әрі - Үлес):

      Қарағанды облысының спортшыларына - "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлеріне, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары бар жаттықтырушыларына;

      Қарағанды облысының спортшыларына - спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында ойнайтын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне.

      2. "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы 06 маусымдағы
№ 39/01 қаулысына қосымша

Қарағанды облысының спортшыларына және жаттықтырушыларына төленетін ай сайын ақшалай үлестің мөлшері

Алатындар санаты
 

Төленетін ай сайын ақшалай үлестің сомасы

"КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін Олимпиада чемпионы

120 000 теңге

"КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада ойының жүлдегері (2 орын)

110 000 теңге

"КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін олимпиада ойының жүлдегері (3 орын)

100 000 тенге

"КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері", "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атақтары бар, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кірген немесе кіретін Әлем Чемпионы

100 000 тенге

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы", "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атақтары бар Олимпиада Чемпионының, жүлдегерінің, Әлем чемпионының жаттықтырушысы

20 000 тенге

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшы

70 000 тенге

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшының жаттықтырушысы

10 000 тенге

Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшы

30 000 тенге

Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшының жаттықтырушысы

10 000 тенге

Спорттың ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшылардың клубтық команадаларының басшысы

10 000 тенге


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады