Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 2/8 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 қаңтарда № 3635 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № 60/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 27.11.2020 № 60/1 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға 1-қосымшаға сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін 2-қосымшаға сәйкес үй-жайлар берілсін.

      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 49/14 "Сайлау науқаны кезінде сайлаушылармен кездесу үшін үй-жай беру, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-3-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 желтоқсанда "Теміртау" газетінде № 50, 2011 жылғы 16 желтоқсанда "Новый Теміртау" газетінде № 16 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "14" қаңтардағы
№ 2/8 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      Теміртау қаласы

      1. "Ардана" кафесі мен "Теміртау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі ғимараты ортасындағы, Гагарин алаңындағы кіші нысандар.

      2. Чернышевский көшесінің бойындағы, "Березка" кафесінің жанындағы "Үгітплакат" ақпараттық қалқан.

      3. Республика даңғылы бойындағы, "Старт" аялдамасы жанындағы, "Халық банк" акционерлік қоғамы ғимаратының жанындағы ақпараттық қалқандар.

      4. Республика даңғылы бойындағы, "Теміртау қаласының балалар мен жасөспірімдерге арналған театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық қалқандар.

      Ақтау кенті

      1. "Ақтау кентінің мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жанындағы ақпараттық қалқандар.

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "14" қаңтардағы
№ 2/8 қаулысына
2-қосымша

Сайлау науқаны кезінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін берілетін үй-жайлар

      1. Теміртау қаласы, Победа көшесі, 12 мекенжайдағы Теміртау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жайы.

      2. Ақтау кенті, Карл Маркс көшесі, 5 мекенжайдағы Теміртау қаласы әкімдігінің Ақтау кенті әкімі аппаратының "Ақтау" мәдени-бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын жайы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады