Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/5 "Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 10/6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 4111 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 25/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 19.05.2022 № 25/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/5 "Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3514 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қарашада жарияланған, 2016 жылғы 02 желтоқсандағы № 48 (344) "Вечерняя Караганда" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтау кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасының 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне береді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Быков
      Маслихат хатшысы В. Свиридов

      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласының әкімі
___________ Ғ.Әшімов

      "26" желтоқсан 2016 жыл

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақтау кентінің әкімі
___________ А.Бегенеев

      "26" желтоқсан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады