Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 17/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 маусымда № 3855 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 23 ақпандағы № 10/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 23.02.2023 № 10/04 (оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Қапашевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі А. Аглиулин

  Балқаш қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 17/03 қаулысына қосымша

Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауда орындарының тізбесі

1.

Михаил Русаков ықшам ауданы № 2 үй ("Шекер", "Батыр", "Қуаныш", "Жеміс-Жидек", "Океан" дүкендерінің жанында)

2.

Садық Мұхамеджанов ықшам ауданы № 5 үй ("Нұр", "Санжар", "Ассорти" дүкендерінің жанында)

3.

Ленин көшесі (№ 6 және № 8 үйлерінің арасында)

4.

Ленин көшесі (№ 37 және № 41 үйлерінің арасында)

5.

Сәкен Сейфуллин көшесі (№ 32 үйдің солтүстік жағында)

6.

Ағыбай батыр көшесі ("Береке" дүкенінің жанында)

7

Металлург стадионының оңтүстік жағында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады