"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 7/70 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қаңтарда № 4109 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 қарашадағы № 43/349 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 11.11.2020 № 43/349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;

      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Федянина
      Қалалық мәслихаттың хатшысы К. Тейлянов

  Қалалық мәслихаттың
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7/70 шешіміне
1-қосымша

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне – қалалық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, сондай-ақ бүлінген жағдайда беріледі.

      Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

      6. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының сейфінде сақталады.

      7. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік, жоғалту жағдайын қоспағанда, "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына қайтарылып берілуі тиіс.

      8. "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      9. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы жүзеге асырады.

      10. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі дереу "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру береді.

      11. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы қызметтік тергеп-тексеру туралы өкімнің шығуынан кейін он күнтізбелік күн мерзімінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      12. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы береді.

      13. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына тапсырады.

      Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      14. Қызметкерлер жұмыстан босатылған не бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

  "Балқаш қаласының мәслихат
аппараты" мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына қосымша

      нысан

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе










      Ескертпе: "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысының қолымен және мөрімен расталады.

  Қалалық мәслихаттың
2016 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 7/70 шешіміне
2 қосымша

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк (көгілдір) түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "КУӘЛІК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде (қазақ және орыс тілдерінде) "Балқаш қалалсының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі, одан төмен мәтіннен көк түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазулар орналастырылған.

      4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), қалалық мәслихат хатшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түс аясында көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (бес жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады