Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 46/3 "2016 жылда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 4/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 наурызда № 3682 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы N 18/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 25.05.2016 N 18/01 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 46/3 "2016 жылда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (2015 жылғы 28 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3570 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарында, 2016 жылғы 12 ақпандағы № 6 (1320) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      4 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К.К. Тлеубергеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С. Аймаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады