Ақтоғай аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қыркүйектегі 6 сессиясының № 60 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 қазанда № 3980 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 470 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 30.12.2020 № 470 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі 21 сессиясының №197 "Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2629 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінің №21 (7441) санында, 2014 жылғы 21 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      6 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы М. Қасымхан
      Аудандық мәслихат хатшысы Р. Әбеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады