Жаңаарқа ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 25/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 3770 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өзiнiң қолданылуы тоқтатылады

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жаңаарқа ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Жандаулетов Марат Жандаулетұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ғ. Омаров

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 25/02 қаулысымен
бекітілген

Жаңаарқа ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері
(теңге)
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес
мемлекеттік
жеке
мемлекеттік
жеке
мемлекеттік
жеке
мемлекеттік
жеке
1.
Балабақша
570
0
17875
0
9900
0
17875
0
2.
Мектепке дейінгі шағын Орталық
1383
0
8164
0
4500
0
8164
0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады