Аудан бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 3630 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аудан бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С. Әлиұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі К.М. Максутов

  Қарқаралы ауданының әкімдігінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 05 қаулысымен бекітілген

Аудан бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
ұйымдарындағы
тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан
басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарындағы
ата-аналардың бір айға
ақы төлеу мөлшері
(теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір
айға жұмсалатын
шығындардың орташа құны (теңге) кем емес

Мемлекеттік

Жеке

Мемлекеттік

Жеке

Мемлекеттік

Жеке

Мемлекеттік

Жеке

1

Балабақша

565

0

17875

0

9900

0

17875

0

2

Мектепке дейінгі шағын
орталық

966

0

8164

0

4500

0

8164

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады