Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 қыркүйектегі VI сессиясының № 52 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қыркүйекте № 3966 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 82 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 82 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Нұра аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы 26 сессиясының № 242 "Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2614 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 18 (5355) "Нұра" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 05 мамырда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Нұра ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      12 тармақтың үшінші және бесінші абзацтары жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "ауыр материалдық жағдайға байланысты – 13 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;";

      "медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуге (ота) - 15 айлық көрсеткіш мөлшеріне дейін, бір рет;";

      26-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13773 болып тіркелген). ";

      6 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Таттыбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Оспанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Нұра ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________Г. Жүпенова

      "09" 09 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады