Шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 ақпандағы № 161 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда N 5352 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар берілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Накиповке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қармақшы аудандық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      _____________ Ә. Құлдүйсенов
      "9" ақпан 2016 жыл

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
  2016 жылғы "09" ақпандағы № 161
  қаулысына қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй – жайлар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 20.12.2020 № 200 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Елді мекеннің атауы

Кездесу үшін үй - жайлар

1.

Қармақшы ауданының Жосалы кенті

Жосалы кенті, Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесі 3А, "Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

2.

Қармақшы ауданының Төретам кенті

Төретам кенті, Ғани Мұратбаев көшесі 16, "Төретам кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Төретам кенттік клуб үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

3.

Ақай ауылдық округінің Ақай ауылы

Ақай ауылы, Ғарышкерлер көшесі 3, "Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақай ауылдық клуб үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

4.

Қармақшы ауылдық округінің
Абыла ауылы

Абыла ауылы, Омар Қошманов көшесі 1, "Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қармақшы ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

5.

Қармақшы ауылдық округінің
Қызылтам станциясы

Қызылтам станциясы, Сарыжылуан көшесі 1, "Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қызылтам ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

6.

Жосалы ауылдық округінің Төребай би ауылы

Төребай би ауылы, Орныққан Қазиев көшесі 10, "Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Төребай би ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

7.

Иіркөл ауылдық округінің Иіркөл ауылы

Иіркөл ауылы, Қорқыт-ата көшесі 15, "Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Иіркөл ауылдық округінің клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

8.

Жаңажол ауылдық округінің Дүр Оңғар ауылы

Дүр Оңғар ауылы, Мәжібаев Әбсаттар көшесі 9, "Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Жаңажол ауылдық округінің клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

9.

ІІІ-Интернационал ауылдық округінің ІІІ-Интернационал ауылы

ІІІ-Интернационал ауылы, Астана көшесі н/ж, "ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "ІІІ-Интернационал ауылдық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты

10.

Ақтөбе ауылдық округінің Ақтөбе ауылы

Ақтөбе ауылы, Кеңсе көшесі 15, "Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе ауылдық округінің клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

11.

Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылы

Ақжар ауылы, Қ.Ізтілеуов көшесі 45, "Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы клуб үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

12.

Дауылкөл ауылдық округінің Тұрмағамбет ауылы

Тұрмағамбет ауылы, Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесі 26, "Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қуандық Бүрлібаев атындағы ауылдық клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

13.

Алдашбай ахун ауылдық округінің Алдашбай ахун ауылы

Алдашбай ахун ауылы, Шәймерден Шегебаев көшесі 11, "Алдашбай ахун ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Алдашбай ахун ауылдық округінің клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

14.

Қуаңдария ауылдық округінің Қуаңдария ауылы

Қуаңдария ауылы, Жастар көшесі 2, "Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қуаңдария ауылдық округінің клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты

15.

Т.Көмекбаев ауылдық округінің
Т.Көмекбаев ауылы

Т.Көмекбаев ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 27, "Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Т.Көмекбаев ауылдық округінің клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады